Наурыз мерекесіне орай қосымша пойыздар жүреді

31
фото Ашық дереккөз

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне  орай  ҚТЖ қосымша пойыздарды шығарды. Жолға шығатын пойыздар «Астана-Алматы», «Астана-Шымкент» және «Ақтөбе-Шымкент» бағыттары бойынша қатынайды. Жолаушылар көп қатынайтын  бағыттар бойынша вагондар саны ұлғаяды. Оған қоса,  237 вагон жаңадан тіркеледі.

Былтыр ел бойынша 14 млн адам пойызбен сапарлапты.Қазір елде 2600-ден астам вагон бар. Бірақ олардың  жартысынан астамы тозған. Бұл вагондарды жаңарту бағытында жүйелі жоспар түзілді. Мәселен, Көлік министрлігі жыл сайын 100 жаңа вагон сатып алуды көздеп отыр.