«Жайнау» күні ерекше басталды. Таңертеңнен бері ауа-райы да жайнап, жылып көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Шымкенттің бірнеше даңғылдарына құмырамен қызғалдақтар қойылыпты. Қала көшелерінде көк жалауды желбіретіп жүріп өткен жастар мерекенің мәртебесін көтеруге үлес қосты.
Жол бойы дауыстап қала тұрғындарын әз наурызбен құттықтап, ақ тілектерін жаудырды. Дендробақтан жол бастағана топ тәуелсіздік саябаққа келіп тоқтады.
Еліміздің әнұранын шарықтата шырқаған жастар қолдарына көк байрақты ұстағанымен мақтанады. Жастардың мерекелік шеруі жол үстіндегі қоғамдық көліктерге наурыз мерекесімен құттықтау қағаздары жапсырылуларымен жалғасты. Айта кетейік, бүгін қаламыздың орталық көшелеріне соңғы мерекелік баннерлер ілінді.
Ұлыстың ұлы күнін тоғыз күн бойы тойлауға бел буған оңтүстікқазақстандықтар «Жайнау» күнінде мерекеге толықтай дайындық жүргізіп, көшелердің көркін кіргізер