Бас мүфти: «Оңтүстіктегі діни ахуал өте жақсы»

Ержан МАЯМЕРОВ, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти
Ержан МАЯМЕРОВ, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти
Ержан МАЯМЕРОВ, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти

«Оңтүстіктегі діни ахуал басқа өңірлермен салыстырғанда өте жақсы». Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малқажыұлы біздегі жамағат жайлы журналистерге осылай деді. Сондықтан да алғашқы іс-сапарын Оңтүстіктен бастапты. Дархан өңірдің халқымен танысу үшін арнайы келген хазірет жамағатпен бірге жұма намазын оқыды.

Жұма намазын оқып болысымен-ақ, жергілікті жамағат хазіретпен дидарласуға асықты. Мүміндерге бас мүфтиді облыстағы ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов таныстырып, қадамын құтқа балады. Иығына шапан жапты.

Хазірет бұл күні жаңадан салынып жатқан облыстық мешіттің ахуалымен де танысты. Шымкент медресесінің жұмысын да көрді. Бас мүфтиді біздегі Алла үйлерінің көптігі разы етті. Және ол Оңтүстіктегі діни ахуалдың басқа өңірлермен салыстырғанда өте жақсы екенін айта өтті.

Насруллаһ мешітіндегі имамның айыбы хазіретті де тосылтты. Естеріңізде болса, ақпан айында Сайрам ауданындағы Қарабұлақ ауылының имамы «қыз зорлады» деген айыппен жүзді жерге қаратқан болатын. Хазірет бұл мәселе бойынша нүктені жақын арада қоюға уәде берді.

Ержан қажы Малқажыұлы, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти: «Енді ол Насыраллаһ мешітінің имамы өзінің мәлімдемесін берді. Соңғы нүктесін өзіміз қоямыз жақын арада. Ал сіздердің өкіл имамдарыңызға бұл мәселе бойынша қатаң ескерту берілгені белгілі. Енді өзіңіз ойлаңыз, Шымкентте мешіт көп болғандықтан жалғыз имамға былайша айтқанда барлық жәйтті қадағалап отыру мүмкін емес. Сондықтан бұл ретте аудан имамы бірінші жауапты. Ал облыс имамын осы іс үшін орнынан алу мүмкін емес жақын арада. Тек қатаң ескертумен ғана тоқталды».

Ержан қажы Малқажыұлын сондай-ақ біздегі ауыл имамдарының әлеуметтік жағдайы қинайтыны белгілі болды. Жағдайды ретке келтіру үшін республикада «зекет қорының» ашылғанын мәлімдеді. Ал имамдарды аттестаттау бойынша бас мүфтиді қала имамдарының ілімі қанағаттандыратын болып шақты. Ауылдағы дін өкілдерінің білімін алдағы уақытта білеміз дейді ол.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=4ZWLm5sgR70[/youtube]