«2050 стратегиялық бағдарламасы жастардың қолында». Ғылыми-практикалық конференцияға қатысушы жастар осылай ойлайды. Сондықтан болашағымыз бағдарлы болу үшін бүгіннен бастап, білек сыбана кірісті. Кедейлікпен күрес, жастар арасындағы қылмыстың алдын-алу және жұмысбасты болуы сынды мәселелерді өздері шешуге тырысып бағуда.
Қоғамның көкейтесті мәселелеріне студенттердің көзімен қарап, шешімін табу заман талабы. «Қазақстан-2050» ғылыми конференциясына қатысушылар осылай деп ойлайды. Жас толқын заман көшіне ілесіп қана қоймай, лайықты мамандық таңдап, өзекті сұрағын өзі шеше алуы керек. Лағыл Дәулетбай белсенді студент қана емес, ол өз замандастарының өзекті сауалдарына жауап іздеуші. Ол адам баласының әлеуетін толық зерттеп, дәулетті өмір сүру үшін, елімізге экономикалық жаңа реформа керек деп шешіпті.
Лағыл Дәулетбай, студент: «Біз кедейлікпен күресуіміз керек. Өзге елдердегідей осы тұсымыз бетімізгі басылып көрінбегенімен кедейлер көп елімізде. Әсіресе, оңтүстікте басым. Сондықтан оларды жіті зерттеп, арнайы реформа жасап, заман көшіне ілестіруіміз қажет деп есептеймін».
Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін конференцияға өңіріміздің жаны ғылымға жақын студенттерінің барлығы қатысты. Жас ғалымдар жұмыссыздықпен күрестің, сыбайлас жемқорлықтың, сондай-ақ қылмыстың алдын-алудың тың идеяларын ұсынды. Ұстаздар да жас ғалымдардың идеясы болашаққа бағдарланған бағдарламалардың жүзеге асыруға өзіндік үлестерін қосатынына сенімді.
Оқытушылар мен студенттер, болшақ жастардың қолында екенін жақсы түсінеді. Сондықтан да есті ұрпаөты дайындауда ешнарседен аянып қалуға болмайтынын сезініп, жаңа идеяларын жүзеге асыруға кірісіп те кетті.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ydbXyFMzrG8[/youtube]