Депутаттар жаңа ережені қабылдамады

Батырша Маханов, облыстық коммуналды шаруашылық және энергетика басқармасы бастығының орынбасары
Батырша Маханов, облыстық коммуналды шаруашылық және энергетика басқармасы бастығының орынбасары
Батырша Маханов, облыстық коммуналды шаруашылық және энергетика басқармасы бастығының орынбасары

Енді жылу беру маусымы басталғанда көпқабатты үйлерге сығымдау жұмыстары жасалмайды. Жылу маусымына дайындықтың бәрі 1 қазанға дейін жүргізіліп қойылуы тиіс. Осындай ұсыныстар енгізілген жаңа ережені бүгін облыстық коммуналды басқарманың өкілдері депутаттарға таныстырды. Бірақ, халық қалаулылары жаңа ережені бірауыздан қабылдаған жоқ.  Өйткені, құжатта заңға сәйкес келмейтін тұстар баршылық. Алайда, басқарма бастығының орынбасары Батырша Маханов мұндай ереже бұрын-соңды болмаған. Сондықтан осы құжатты бекітіп берсеңіздер жылу беруші мен тұтынушының арасындағы дауға үзілді-кесілді нүкте қойылады деді. Айта өтейік, жылу берудің тоқтатылғанына бүгін бір күн болды.

Батырша Махановтың бұл ұсынған ережесі коммуналды салада бұрын болмаған құжат. Сондықтан осы ережені бірауыздан бекітсе болғаны жылу беру жырындағы бірталай түйін өз-өзінен шешілейін деп тұр. Яғни, жылу маусымы басталса да, табанымыз әлі жылыған жоқ деген тұтынушының арыз-шағымынан құлақ тыншиды дейді.

Батырша МАХАНОВ, облыстық энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары: «Ережеге енгізіп отырғанымыз біз жылу маусымы бітісімен сығымдау барысындағы кемшіліктерді ескере отырып, тез арада бір ай жоспарын бекіту болса, ең негізгі мәселе 1-қыркүйекке дейін жұмыстарды аяқтау. Бұрынғы жылдарда 1 қарашадан бастап жылу беріледі де сосын ары қарай циркулярный режим, температурный режим деп 20-15 күн созылып, сапалы толық дәрежеде берілмейді. Бірақ тұрғындардан қаражат сол күннен бастап алынады. Бір соны ескеріп отырмыз. Яғни, бір ай көлемінде жылу құбырлары дайындалып алынып, сосын 1 қарашадан бастап 100 пайыз сапалы жылу берілетін болады. Яғни, сығымдау сынды жұмыстарға уақыт жоғалтпайтын боламыз».

Депутаттардың көңілінен жаңа құжат шықты. Бірақ ұзақ пікір таласқан олар бұл ережені бірауыздан қолдамауға шешім етті. Өйткені, құжаттың заңнамалық жағынан шикі тұстары көп болып шықты. Егер заңсыз қабылданған құжаттың қыр-сырын прокуратура өкілдері анықтаса, мәслихаттың тарап кетуі де ғажап емес.

Десе де, тұрақты комиссия мүшелері коммуналды басқарманың баламалы қуат көздері бойынша ұсынысын мақұл көрді. Күн, жел, су энергиясынан алынатын электр қуаты бекеттерін салу үшін алдағы 3 жылға 51 млрд. теңге қаралып отыр екен. Комиссиядағы 11 депутат мұнан бөлек, облыс қалалары мен елдімекендерін абаттандыру туралы ереже мен облыс әкімдігі жанынан құрылатын «ОҚО бизнесі» үйлестіру кеңесінің құрамын бекіту туралы ережені де талқыласты. Бұл мәселелердің қаншалықты қолдау тапқаны ертеңгі сессияда анықталатын болады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=5abGgnk3eKs[/youtube]