Шымкентте көпқабатты үйлердің тұрғындары жылу үшін 488 млн. теңге қарыз

53

«Қуатжылуорталық-3» МКК басшылығы 2022-2023 жылдағы  маусымда  тұтынған жылу үшін есептеспеген  көпқабатты үйлердің тұрғындарын қарыздарын төлеуге шақырады.

«Қуатжылуорталық-3» МКК  бөлім бастығы  Асқар Бөлешовтың деректері бойынша көпқабатты үйдегі тұрғындардың дебиторлық берешегі 488 миллион теңгені құрайды. Қарыз бойынша-131 миллион теңге іс сотқа  жіберілді. Сот орындаушылары борышкерлермен жұмыс  жүргізуде.

Бүгінгі таңда 35 мыңға жуық тұрғынның қарызы бар. Өткен жылу беру маусымында 80 076 тұтынушы жылуды орталықтан алды. Бұл 2086 көпқабатты үйдің тұрғындары.