Қаламыздағы Ордабасы алаңында ілулі тұрған мемлекеттік ту кешке дейін жаңасына ауыстырылмайды, тек жамайтын болды.
Тәуелсіздік саябағына барып, алыстан мен мұндалап тұрған тудың тесігі мен жыртығы жайында Қалдыкүл деген азаматтан сайтымызға хат келгенін жазған болатынбыз. Оны алыстан ақ біз де байқадық.
Ондағы ілінген көк байраққа бюджеттен 450 мың теңге бөлінген екен. Ұзындығы 16 метр, ені 8 метр. 50 метр биіктікте желбіреп тұр.
Ал Шымкент әкімдігі баспасөз-қызметінің жетекшісі Жандос Қарымбаев көк тудың мұндай халге жеткендігін екпінді жел, аптап ыстық, жауын-шашын салдарынан матаның тозғаны болуы керек деп отыр. Байрақтың түсі оңбағандықтан, тек тарқатылған жіптері тігіліп, тесіктері қайта жамалатын көрінеді.
Жандос Қарымбаев, Шымкент қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі: «Мәселені шешуді қолға алдық. Матаның ұшындағы жіптер тарқатылып кетіпті. Сол себепті жыртылып қалғандай көрінеді. «Мемлекеттік рәміздер» туралы заңға сәйкес бір жұмыс күнінің ішінде туды жаңасына ауыстыруымыз қажет. Сондықтан кешке дейін бұл олқылықты жоюға уәде етеміз».