Масленница мерекесі басталды

Мерекеде құймақтың түр түрі пісіріледі

11-наурыздан бастап Масленница мерекесі бастау алды. Масленица  – қысты шығарып салу мен көктемді қарсы алатын ежелгі славян халқының ұлттық меркесі. Мейрам кезінде міндетті түрде құймақтың түр түрі пісіріледі.

Масленница кезінде мол дастархан жайылады
Масленница кезінде мол дастархан жайылады

Құймақ — шеңбер тәрізді, яғни күн пішінін бейнелейді. Сондықтан да, күннің, көктем мен жылылықтың символы, мерекенің бұлжымас белгісі.

Қозықұйрық қосылған құймақ
Қозықұйрық қосылған құймақ

Алайда масленица кезінде тек тағамдар пісіріліп қана қоймайды, сонымен қатар би билеп, ән айту, бір-бірінің үйіне қонаққа бару сынды салттар да бар.

Мерекеде құймақтың түр түрі пісіріледі
Мерекеде құймақтың түр түрі пісіріледі

Масленницаның тұлыбын жасап, «Қар әйелдің» үлгісін жасау де кең етек алған. Алау жағылып, сол алаудың басында түрлі ойындар ұйымдастырылады.

Түрлі жемістермен сәнделген құймақ
Түрлі жемістермен сәнделген құймақ

Масленица – бір күн емес, апты бойына тойлайды. Әрі әр аптаны тойлаудың өзіндік ерекшелігі болады. Дүйсенбі кездесу күні, сейсенбі ойын ойналады, сәрсенбі тәтті тамақ пірісірілсе, бейсенбі серуенге, яғни қыдыру басталады, ал жұма қайынененің үйіне қонақта болса, сенбі қайынапа шаңырағында отырыс, ал жексенбі күні кешірім сұрау басталады. Яғни биыл мереке 11 наурыздан басталып, 17 наурызға дейін созылады. 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=g7v7hBhBLzw[/youtube]