«Мадлен» мерекеге шақырады

360
мадлен

«Мадлен» кондитерлік желісі «Масленица» мерекесін тойлауға шақырады. «Мадлен» кондитерлік дүкенінің маңынде тәттінің иісі аңқып тұр. Мұнда масленица, яғни, славян, және провослав сеніміндегі халықтардың қысты шығарып салу мерекесіне әзірлік қызып тұр. Құймақтың жеті атасы дайындалып жатыр. «Мадленде» түрлі қоспасы бар құймақтың дәмділері пісірілуде.  Сан түрлі салмасы бар құймақ пісіріп үйренгіңіз келсе, «Мадленге» келіңіз! Мұндай мүмкіндікті жіберіп алуға болмайды.

Геннадий Диордица «Мадленге» әдейілеп келген жоқ. Десе де ол өкінбейді. Мадлендегілер Генадийдің өзіне құймақ пісіруді ұсынғанда таңқалды. Тәбет тартар құймақты өзі дайындағанына дән риза  Өзі жасап көрмесе де, Руслан Туматов құймақтың сан түрінен дәм татып үлгірді. Жолдастарын ерте тағы келетіндігін айтады.

Айтпақшы, шымкенттіктер үшін мадлендіктер жаңа тәтті күлше әзірледі. «Дипломат» және «Мимоза» деп аталатын жаңа дәмнен ауыз тиюге асығыңыз. Италия шеберлерінің мәзірімен дайындалған бұл тәттілер тіл үйіреді дейді – кондитер цехының басшысы Елена Орлова.

Таңғы асқа таңсық ас іздесеңіз француз аспаздарының айрықша мәзірі де сіз үшін. Тек келіп дәм татсаңыз болғаны.

"Мадлен" мерекеге шақырады
«Мадлен» мерекеге шақырады

«Мадлен» кондитерлік жүйесі кәсіби шеберлердің шыңдалған ортасы. Дәмді тағам, тәтті күлшелермен сөрелерді жаңартқан «Мадленге» келуші де көп. Аспаздардың үздіксіз ізденісінің жемісінің бір көрінісі бұл.