Сәулетші әйелдер Бергамода бас қосты

Көктемнің алғашқы мерекесі- 8 Наурыз қарсаңында Италияның Бергамо қаласында 50 мың Евро көлеміндегі жүлде ең үздік деген дизайнер ханымға тапсырылды

Сәулет өнеріндегі әйелдердің абыройын асқақтатып, мәртебесін көтеру қажет. «Itаlcementi Group» компаниясының «АrcVision Prize» халықаралық наградасын жариялаудағы көздегені осы болатын. Көктемнің алғашқы мерекесі- 8 Наурыз қарсаңында Италияның Бергамо қаласында 50 мың Евро көлеміндегі жүлде ең үздік деген дизайнер ханымға тапсырылды. Марапаттау рәсімі әлемге әйгілі компанияның зерттеу және инновациялық i.lab орталығында өтті. Бұл таңдау тектен-тек емес. Ол ең алдымен үйлесімділіктің биік үлгісі саналады…

Көктемнің алғашқы мерекесі- 8 Наурыз қарсаңында Италияның Бергамо қаласында 50 мың Евро көлеміндегі жүлде ең үздік деген дизайнер ханымға тапсырылды
Көктемнің алғашқы мерекесі- 8 Наурыз қарсаңында Италияның Бергамо қаласында 50 мың Евро көлеміндегі жүлде ең үздік деген дизайнер ханымға тапсырылды

Заманауи сәулет өнерінде қыз-келіншектердің өзіндік қолтаңбасы қалыптасып үлгерген. Олар қайсыбір жоба, композиция болмасын, өзіндік бір қолтаңбасын қалдырумен қоса, құрылыс технологиясындағы жаңа әдістерді қолдануда батыл шешімдерге бара алатындығымен ерекшеленеді. Сондай-ақ жаңа материалдарды пайдалана отырып, қоғамға қажетті табиғи таза ғимараттардың түр-түрін пайдалануға беріп те жүр. «Өз қызметін көпшілікке ұсынған адам алдымен өз тұтынушыларының талғамын өсіріп, сол бағытта тәрбиелеуге міндетті,»-дейді осы салтанатты сәтке жиналған әлемге есімдері белгілі архитектор және іскер келіншектер. Халықаралық сарапшылардың пайымдауынша, заманауи ғиамарттар ең алдымен, қоршаған ортамен үйлесімді болуы керек. Талап солай. Есімі әлемге әйгілі сәулетші ханым Бенедетта Таглиабудың ұсынған жобасы Шанхайда өткен ЭКСПО -2010 көрмесінде үздіктер қатарынан көріне білді. Итальяндық архитектордың тәжірибесі мол. Ол АҚШ пен Шотландия, Германияның сәулет өнеріндегі менмін деген майталмандарын мойындатып отыр. Қазақстанның еншісіне тиген ЭКСПО- 2017, сөзсіз елдің бұл бағыттағы жетістіктерін айқындап береді деп сенеді. Алып мемлекеттердің дені қазір «жасыл экономиканы» қос қолдап мақұлдайды.

Құрылыста және сәулет өнеріндегі жаңа ізденіс, бағыттарды бағалауды негізгі міндеттерінің бірі етіп қойған «Италцементи» групп компаниясы жаңа, инновациялық жобалармен жұмыс жасайтын сәулетшілермен тығыз байланыста. Мәселен, i.lab инновациялық және зерттеу орталығының ғимараты сондай серіктесе жұмыс істеудің нәтижесі. Бір жыл бұрын ашылған бұл зертхана ғимараты әйгілі архитектор Ричард Мейердің жобасымен салынған. Бұл Европадағы «LEED Platinum» Платиналы сертификатын иемденген бірегей ғимарат саналады. Халықаралық деңгейде экологиялық таза құрылыс ретінде ең жоғары бағаға ие болып отыр. Сөйтіп, үздік жобалар бірегей ғимаратта таңдалды. Компанияның бас директоры байқаудың қорытынды кешіне қатысып, алғаш рет өткізілген шараға қатысушыларға ризашылығын білдірді.

Конкурсқа Бразилия, Германия, Үндістан, Италия, Жапония, Мексика, Польша, Сингапур, Испания, Швеция, Швейцария, Тайланд және АҚШ елінің  арулары өз жобаларын ұсынған. Жұмыстарды іріктеуге тек дизайнерлер емес, экономистер, өндірісші-кәсіпкерлер де қатысты
Конкурсқа Бразилия, Германия, Үндістан, Италия, Жапония, Мексика, Польша, Сингапур, Испания, Швеция, Швейцария, Тайланд және АҚШ елінің арулары өз жобаларын ұсынған. Жұмыстарды іріктеуге тек дизайнерлер емес, экономистер, өндірісші-кәсіпкерлер де қатысты

19 елден жиналған дизайнерлердің сан алуан жұмыстарын арнайы құрылған топ кеңесшілері іріктеді. Конкурсқа Бразилия, Германия, Үндістан, Италия, Жапония, Мексика, Польша, Сингапур, Испания, Швеция, Швейцария, Тайланд және АҚШ елінің арулары өз жобаларын ұсынған. Жұмыстарды іріктеуге тек дизайнерлер емес, экономистер, өндірісші-кәсіпкерлер де қатысты. Ол дегеніміз, жобаларды барлық бағытта шынайы талдау олға алынды. Сарапшылардың арасында Гана мемлекетінің бірінші президентінің қызы Самия Нкрумах та болды. Ол да бүгінде танымал саясаткер.

Ерекше көзге түскен жобалардың бірі үнді архитекторы Кунду Анупаменің «еріктілерге арналған ғимараты». Ол заманауи дизайнмен ойластырылған климатқа бейімді ғимарат. Техниканың соңғы үлгілерімен бой көтерген бұл үй күн батареяларымен жылынып, жарықтандырылады. Ал ауызсу тазарту қондырғылары арқылы тікелей беріледі. Тағы бір өзіндіке ерекшелікке ие испандық шебер Изаскун Шиншилаға тиесілі. Кәдуілгі тұрғын үй ашық түстермен боялған. Ал эстондық дизайнер Сийри Валнер күн сәулесінен қуат алатын ғимарат тұрғызған. Ал бас жүлде Бразилиялық Карла Джуакабаға бұйырды.

«АrcVision Prize» наградасының иегері 37 жастағы сәулетші конкурсқа тұрғын үй жобасын ұсынған. Эстетикалық биік талғам мен адамдарға жасалған жағдайдың үйлесімі оның жұмысына ерекше стиль берген. Құрылыс жұмыстары барысында ол ағаш материалының ешбірін қолданбаған. Және ол өте ұтымды шыққан жоба болып танылды! Салтанатты сәтте скайп арқылы ол қазылар алқасына ризашылығын білдірді.

Жеңімпаздың «Humanidade 2012» атты павильоны болса, БҰҰ-ның «Рио +20», конференциясын өткізуге арнайы жасалған. Ол уақытша қойылатын жиналмалы ғимарат.Екі апта ішінде осы, иамартты 220 мың адам аралап көрген. азілар алқасы бұл жобаның ерекше қарапайымдылығы мен функционалдылығына таңқалды. Ұзындығы 170 метрді құрайтын бұл павильон қолда бар материалдардан жасалған. Оны кейін басқа да жұмыстарға қолданып немесе қайта құрастыруға болады.

Конкурстың талабы бойынша, жүлде жеңімпазы 2013 жылғы сәуір айының басында i.lab инновациялық зертханасы негізінде екі апталық семинар өткізетін болады. Онда түрлі зерттеулер мен саладағы жаңа бағыттар сөз болмақ.

Зәуре Оралбаева

Шымкент-Стамбул-Бергамо-Шымкент

Бенедетта ТАГЛИАБУ
Бенедетта ТАГЛИАБУ

Бенедетта ТАГЛИАБУ, сәулетші

– Мен,  Қазақстанда жұмыс істеп көрмедім. Қазақстанда бұл бағытта ұстанып отырған қадамы биік белеске жетелейтіні сөзсіз.Халыаралық көрмеде оны отандастарыңыз да, қонақтар да көре алады. Барлық елде қазір сәулетшілер мен құрылысшы-дизайнерлердің бір ғана проблемасы бар-ол табиғи ресурстарды сақтау және энергия үнемдеудің көзін табу..  Әйелдер ең бірінші еңбектің нәтижесіне жетуді мақсат тұтады. Болашақта дизайнер, сәулетшілер қатарында қыз-келіншектердің көбейетініне мен сенімдімін. Себебі, олардың қоғамға өте қажетті бұл іске өзіндік көзқарасы бар. Сәулетші мамандығы тек ерлерге арналған деу қате пікір. Бұл стереотип әлдеқашан жойылғанын мойындау керек. Ең бастысы, нәтижелі  жұмыс!

 

Карло Пезенти
Карло Пезенти

Карло Пезенти, «Italcementi Group» компаниясының президенті

– Байқауға қатысушылардың барлығына шексіз алғысымды білдіремін. Осы байқауға ұсынылған жүлдемен біз дизайнер-ханымдардың қазіргі сәулет өнеріндегі орнының биіктеп отырғанын көрсетікімз келді. Менің ойымша, осы бизнес пен ерлердің өзіне сіздердегі энергия мен талғампаздық, сезімталдық қасиеттеріңіз аса қажет.

 

 

Самия НКРУМАХ
Самия НКРУМАХ

Самия НКРУМАХ, саясаткер

– Байқауға қойылған барлық жұмыстардың өзіндік ерекшелігі бар. Ал ең үздігін анықтауда, баршамыздың ойымыз бір жерден шықты. Тағы бір, айта кетерлігі, қосымша үш жоба болашақта үздіктер қатарынан көріне алатынына күмән жоқ. Мен қыз-келіншектердің бірегей ғимараттар тұрғызудағы батылдығымен мақтанамын.

 

 

Карла Джуакаба
Карла Джуакаба

Карла Джуакаба, конкурс жеңімпазы

– Мен мұндай жетістікке жетем деп ойламадым. Қарсыластарым мықты болды. Барлығының жобалары керемет болатын. Өте қуаныштымын.

 

 

 

 

Одель ДЕК
Одель ДЕК

Одель ДЕК, сәулетші

– «АrcVision Prize» жүлдесінің «Сәулет және әйел» аталымында қазылар алқасының шешімімен Бразилиялық архитектор Карла Джуакабаның жобасы үздік деп танылды. Ол өз жұмысында барлық аспектілерді қамти білген. Ортаны да, құрылыс материалдарын да. Барлық параметрлер сәйкестендірілген….

 

 

 

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ZreDJwjQvPg[/youtube]