Сайрамдық шенеуніктер жетім мен жесірді жылатты. Ауданға қарасты Өтеміс ауылының тұрғыны Қарлығаш Дәулетәлиева жергілікті билік 24 сотық жерімді бейрұқсат тартып алды деп шағымданып жатыр. Бар гәп мынада: әкімдік төтенше жағдайдың алдын алу үшін өз күнін әрең көріп отырған отбасының жерін қазып канал салып тастаған. Бірақ бұдан заңсыз ештеңе көрмесе керек. Әділдік іздеген әйелді енді ауыл ақсақалдарды қолдап аудан әкімінің алдына баса көктеп кірді.
Бұл оқиғаны жергілікті жұрт әкімдіктің бассыздығына балайды. Олай дейтіні ауыл әкімінің қолында тап осы аумақтан канал салуға жасалған жоба мүлдем болмаған. Егілген ағаштарды қопарып, канал қазуды бастап кетеді. Бірақ соңына жеткізбепті. Күнін осы талдардың жемісін сатып көріп отырған отбасы әділдік таппай әлек боп жүр.
Әрекетінің заңсыз екенін түсінсе керек, жәбірленушіге 150 мың теңге де бермек болыпты. Бұл туралы оның өзі айтты. Оған көнбеген соң жерді жыртуға келісім беремін деген тілхат та жаздырып алмақ болған. Бірақ бұл әрекеті іске аспай қалды.
Біздің әкім халқына жақын болмады деп өкпесі қара қазандай болған ауылдықтар аудан әкіміне де барды. Жергілікті ақжалылардың былығын аудан басшысына жеткіземіз деген ақсақалдардың да үміті ақталмады. Аудан басшысы оларды тіпті тыңдамай тастаған.
Олар мұндай жауап күтпесе керек. Енді құқық қорғау органдарына шағымданым, жетімін жылатпауға тырыспақ. Ал жәбірленуші болса қопарылған талдардың орнына көшет отырғыза алмай жүр. Көктем болса өтіп барады.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=XCOppnlQjp4[/youtube]