Шымкентте алғаш рет бүйрек ауыстыру отасы жасалды

362
Оңтүстік Кореядан келген маман 4 науқастың бүйрегін алмастыруын бақылап, шеберлік сабағын өткізеді
Оңтүстік Кореядан келген маман 4 науқастың бүйрегін алмастыруын бақылап, шеберлік сабағын өткізеді
Оңтүстік Кореядан келген маман 4 науқастың бүйрегін алмастыруын бақылап, шеберлік сабағын өткізеді

Шымкентте алғаш рет бүйрек ауыстыру отасы жасалды. Дәл қазір Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасының базасында бұрын соңды болмаған бүйрек трансплантациясы жасалынып жатыр.

Ең ауыр операциялардың бірі болып есептелетін отаны денсаулық сақтау басқармасының бастығы Жұмағали Исмаилов пен аурухананың бас дәрігері Мади Бигалиевтің өзі жасауда. Ал Оңтүстік Кореядан келген маман бақылап отыр.

Мұндай операция Шымкентте бұрын жасалмаған. Сондықтан Оңтүс­тік Кореяның Анам госпиталінің ма­ман­дары көмектесіп жатыр. Демалыс күндері екі адамның бүйрегі ауыстырылған. Дәл қазір тағы бір науқас операция төсегінде.  Ертең тағы біріне ота жасайды деп жоспарланған.

Айта өтейік, №2 жедел жәрдем ауруханасы адам мүшелерін трансплантациялауға лицензия алыпты. Ал мамандар Минскіде білімін жетілідіріп келді. Ал ота жасалынғандарға бүйрек өз туыстарынан алынған.

Жалпы өңірімізде бүйрек жетіспеушілігіне душар болып, диализде отырған 237 науқас бар. Шетелдік мамандар енді оларға шымкенттік дәрігерлер көмектесе алады деп сенеді.

Бүйрек трансплантациясына мұқтаж 21 оңтүстік қазақстандықта үміт оты оянды. Операциялар тегін жасалады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=gyvS6-1NTKo[/youtube]