Сотталған нәзік жандылар көктем мерекесін тойлады

ИЧ 167/4 мекемесінде 300-ге жуық жазасын өтеуші бар
ИЧ 167/4 мекемесінде 300-ге жуық жазасын өтеуші бар
ИЧ 167/4 мекемесінде 300-ге жуық жазасын өтеуші бар

8 наурыз — халықаралық әйелдер күнінде шалыс басып, жазасын өтеп жүрген нәзік жандылар да мерекеден шет қалған жоқ. Шымкенттегі ИЧ 167/4 түзеу мекемесіндегі сотталушылар да 8 наурыз мейрамын көңілді өткеруге тырысты.

Бүгінгі күн тамаша. Бүгін мейрам. Сондықтан да мекемедегі арулар дәл бүгін тағдыр теперішін бір сәт ұмытып, көңіл көтеруге кірісті. Бірі көмейден құйқылжыта ән салса, екіншісі өлең оқып, жанды тебірентті. Ал енді бірі ішек-сілеңді қатырар түрлі көріністерді қойды. Ия, олар сотталған. Бірақ жаны назік. Сондықтан бұл азаматшалар да тиісті көңілден кенде қалмауы ләзім.

Ал бұл кезде жазасын өтеушінің бірі Дана мерекелік дастарханға дайындалып жатыр еді. Есірткіні пайданаланып және таратқаны үшін жазасын өтеп жүрген келіншекке ең үлкен сый ол анасының амандығы. Арманы — бостандыққа шығу. Бірақ бұл тілегінің орындалуына әлі бақандай үш жыл бар екенін жақсы біледі.

Бұл күні оқуында озат оқушылар да арнайы марапатталды. Көңілді күнде мекеме басшылығы нәзік жандыларға радиоқабылдағыш, электр шәйнектері секілді тыйым салынбаған заттарды сыйлады. Айта өткен жөн қатаң режімдегі қылмыстық атқару жүйесінде бүгінде 300-ге жуық сотталушы жазасын қатаң режимде өтеп жатыр.

Мұнан соң, мерекелік шара мекеменің өз қызметкерлерінің арасындағы байқауға ұласты. ИЧ 167/4 мекемесінің 4 аруы «Қыз сыны» жарысында үш түрлі талап бойынша бақ сынасып, әріптестеріне өзге де қырларынан танылды. Өз өнерін паш етіп, сәнді көйлектермен шығу және дәмді тағамдар дайындау — арулардың басты ережесі болды. Сөйтіп, қылмыстық атқару жүйесі комитетіндегі қызығынан гөрі шыжығы мол істі атқарып жүрген арулар осылайша мәре-сәре күйге бөленді.

Мемлекеттік маңызды істе атқарған адал еңбегі үшін мекеменің барша әйел азаматтары да әкімшілік тарапынан мақтау қағаздары мен сыйлықтарға ие болды. Айта өткен жөн, қатаң режимдегі 167/4 мекемесінде 100-ден аса қызметкер болса, соның 60-қа жуығы нәзік жанды арулар.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=_ZsttbvehOk[/youtube]