«Алтын» және «Күміс» алқа иелеріне бір реттік төлем төленеді

476

«Алтын» және «күміс» алқа иелеріне жағымды жаңалық. Мереке қарсаңында көпбалалы аналарға 14 585 теңгеден табысталмақ.

Жыл сайын бұл қаржы жергілікті мәслихат депутаттарының ұйығарымымен бөлініп келеді. Биыл ол үшін 149 млн. теңге қаралыпты.

Басқарма өкілдерінің айтуынша оған ешқандай да құжат тапсырудың қажеті жоқ. Орталық қаражатты дерек базасындағы мәліметтерге сүйене отырып үлестірмек. Айта кетейік, былтыр бұл қаржы 9500 көпбалалы ана алған болатын.

Назерке Үкібасова