Тәртіп сақшылары ұрлықты қойып, тонауға кірісті! Құжат ұрлаған полицейге қатысты дауға нүкте қойылып үлгермей жатып, кезекті құқық қорғаушылар құрықталды. Әл Фараби аудандық соты екі погондыны өз қызметтерін асыра пайдаланды және адам тонады деп айыптап отыр. Сорақысы сол, тәртіп сақшыларының жеңгетайлықпен айналысқаны да анықталып отыр.
27 жастағы Сайрам ауданының полиция сержанты Зоир Эшанқұловты қамауға алу туралы сот қаулысын шығарды. Тәртіпті сақшысы екі ай мерзімге қамауға алынды. Күдікті ден танылған Дәурен Тоғысов қылмыстық істі жүзеге асыруда бас рөлді атқарған секілді.
Еңбекші аудандық ІІБ-нің жасөспірімдер ісі бойынша инспекторын қамауға алу сотта жеке қаралды. Айыпталған азамат қылмысын толығымен мойындады. Тексеру анықтағанындай ағымдағы жылдың қаңтар айында осы екі полицей мен 18 жастағы қыз ауыр қылмысты ұйымдастырады.
Жоспар бойынша жолаушы кейпіне енген бойжеткен Нексия автокөлігін тоқтатып, Ақсукентке жеткізіп салуын өтінеді. Жолда ол ақшасы жоқ екенін айтып, ақысына арын саудалап төлеуді ұсыныпты. Жалаңаштаған жолаушысы бар көлік айдалаға келгенде полицейлер аяқ астынан тап болады.
Зорлау ісін жабамыз деп тәртіп сақшылары жүргізушіден 700 мыңнан аса теңгесін тартып алады. Енді пәрменді полицейлер өз қызметін асыра пайдалағаны және адам тонағаны үшін заң алдында жауап беретін болады.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ZF1yLUL1MhI[/youtube]