Жастардың мәселесі қаралған жиында өздерінің ұсынысы назарға ілінген жоқ

Қайрат Төлебаев, облыстық жастар саясатының мәселелері жөніндегі басқарманың бастығы
Қайрат Төлебаев, облыстық жастар саясатының мәселелері жөніндегі басқарманың бастығы
Қайрат Төлебаев, облыстық жастар саясаты мәселелері  басқармасының бастығы

Оңтүстік Қазақстан облысы  жастар саясаты мәселелері басқармасының бастығы

Жастардың мәселесі қаралған жиында өздерінің ұсынысы назарға ілінген жоқ. Облыстық мәслихаттың 12-ші сессиясында жастарға қатысты түрлі мәселелерді қозғаған депутаттар осындай мінез танытты.

Облыстық «Жастар орталығы» МКҚК мен Жастар саясаты мәселелері басқармасының жұмысы сын көтермейді. Олардың арасында байланыс жоқ. Сондықтан бізде қылмыс та, тәртіпсіздік те өршіп барады. Өткен жылдың өзінде түрлі дәрежедегі қылмыстардың 400-іне себепкер болған да осы жастар.

Қайрат Төлебаевтың облыстағы жастар саясатының жүзеге асырылуын айтуы мұң екен, депутаттар осылай деп жаңа бастықты сауалдарға көмді. Бұл оның сессия отырысында жасаған алғашқы баяндамасы болатын.

Облыста идеологиялық жұмыстың жүйесіздігі де тәртіпсіздіктің тереңдеп бара жатқанына негіз! Бірқатар депутаттың пікірі осыған сайды. Бірақ мұнымен облыс басшысы келіскен жоқ. Өзінің бірінші орынбасары Берік Оспановтың идеология мәселелерін қадағалайтынын еске салып және ол бойынша бірқатар істердің жасалып жатқанын ескертті.

Қызығы сол, жастардың мәселесі қаралған жиында сөз алғысы келген сол жастардың өкілін сессия төрағасы тыңдағысы келген жоқ. Өйткені, облыс басшысынан соң ешкім бұл тақырыпқа қайта оралған жоқ. Жандос Қалтаевтың жастар проблемасын шешуде негізді ұсыныстары бар екен.

Жандос ҚАЛТАЕВ, облыстық жастар мәслихатының төрағасы: «Егер құқық бұзатын балаларды санайтын болсақ, олар әр мектепте 1-2-ақ адам. Оны директорлар да, меңгерушілер де біледі. Бізде 85-ақ мектеп бар. Соны екіге көбейтсе, ары кетсе бұзық балалардың саны 200 ғана болады. Сондықтан осы жастарды алып арнайы тренинг, жиындар өткізсе менің ойлаймын, бұл мәселені шешуге болады».

Сөйтіп, жастар тақырыбындағы талқы тағы да жылы жабылды. 20 мәселе бойынша дауысқа салған депутаттар абаттандыру және өткен жылыту маусымы бойынша жоспарларды бірауыздан мақұлдап, бекітті.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=R8eDvrBV8K8[/youtube]