Жерлесіміз жайын үшін айыппұл төлейтін болды

Балықшы Бақтияр Төлеметов осындай алып балықты қолға түсіруді 20 жылдан бері армандап келген екен. Тілегі қабыл болды деген осы шығар!

 

Балықшы Бақтияр Төлеметов осындай алып балықты қолға түсіруді 20 жылдан бері армандап келген екен. Тілегі қабыл болды деген осы шығар!
Балықшы Бақтияр Төлеметов осындай алып балықты қолға түсіруді 20 жылдан бері армандап келген екен

Осыдан 15 күндей бұрын Сайрам ауданының тұрғыны Бахтияр Төлемітов Сырдария өзенінен ұзындығы 3 метрге жуық, салмағы 150 келіні тартатын лақа(суреттерді осы сілтемеден көре аласыздар) ұстаған болатын.

Енді ол балық аулауға рұхсаты болмағаны, қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін 55 мың теңге айыппұл төлейді.

Бұған дейін Төлемітов балық аулауға арнайы қажетті құжаты болмағандықтан 8800 теңге төлеген болатын. Ол аздай оған заңсыз ауланған балықтың әр келісі үшін 46 мың теңге тағы айыппұл салынды.

Алайда, балықшының авдокаты мұнымен келіспейді. Өйткені, аймақта әлі балықтар уылдырық шашқан жоқ деп отыр.