Сусыз отырған Бекет батыр көшесі осы

Шымкент қаласындағы Бекет батыр көшесінің тұрғындары сусыз қалды. «Қазтрансгазаймақ»  жаңғырту жұмыстарын жүргіземіз деп жүріп, су құбырларына зақым келтірген дейді «Су шаруашылығы- маркетинг» ЖШС-нің өкілдері.

Сусыз отырған Бекет батыр көшесі осы
Сусыз отырған Бекет батыр көшесі осы

Бекет батыр көшесінің тұрғындары тәуліктеп ауызсусыз отыр. Әсіресе демалыс күндері мұндағылар үшін тым қиын болды. Құбырда жарылыс болып, халық бір жұтым суға зар боп қалған.

Күрекбаев Бақытжан, көше тұрғыны: «Кешеден бастап көше маңын қазып тастады. Су да кешеден бері жоқ. Бала шағаға шай қайнатып, кір қоңын  жууға қиын боп тұр. Газ құбырларын ауыстырамыз дейді айтуларынша. »

Бар кінә газ тасымалдаушылардан дейді «Су арнасы маркетинг» ЖШС-нің өкілдері. Алдын ала келісімге қарамастан олар жерді қазып тастаса керек. Сөйтіп құбырға зақым келген.

Нұртаза Естебеков, «Су арнасы маркетинг» ЖШС жетекші инженері: «Алдын ала келіскенбіз газ тасымалдаушылармен. Олар келісімді ескерген де жоқ. Рұқсат етілмеген жерлерден қол күшімен емес, бірден эксковатормен жер  қазып тастаған. Соның салдарынан су құбырлары жарылып кеткен. Орталық су құбыры да үзілген».

Артық қылам деп тыртық еткендер тұрғындардың ескертуін де ескермепті. Су құбырларының орнын айтып тұрғанынның өзінде жасағандары осы болды дейді олар.

Зоя Меркулова,көше тұрғыны: «Біз газ тасымалдаушыларға айтудай ақ айттық. Бірақ сөзімізге құлақ асқан ешкім болған жоқ. Енді шиттей бала шағамен сусыз отырмыз».

Көктемде басталатын жаңғырту жұмыстары жыл сайын осындай қиындықтар туындатады. «Келісіп пішкен тон келте болмайтындығын» басқалар ұмыптаса екен дейді халықты ауызсумен қамтамасыз етіп отырғандар.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=PmhwWjRqvos[/youtube]