Әділет департаментінде ашық есік күні өтті

472
кәсіпкерлерге кеңес
кәсіпкерлерге кеңес
кәсіпкерлерге кеңес

Кәсіпкерлерге кеңес. Бүгін ашық есік күнін өткізген Әділет департаменті өңіріміздегі кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап берді. Облыстағы аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасының және кәсіпкерлереге қызмет көрсету орталығының, салық мамандарының қатысуымен өткен кеңес барысында заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде сауалдар көп болды.

Сондай-ақ кәсіпкерлер тарапынан заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қайта қарау жөнінде ұсыныс жасалды.

Балжан Алипбек, Әділет департаменті басшысының орынбасары: «Мереке қарсаңында кәсіпкерлерге арнап, арнайы ашық есік күнін өткізді. Келген кәсіпкерлердің басым бөлігі, кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлкеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң аясында сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды. Мұндай ашық есік күндерін көптеп ұйымдастыру жөнінде ұсыныс тілектерін де білдірді».