Әкімшілік-іскерлік орталығын салуда кешігушілік жоқ

Анықталғаны сол, кесте бойынша кешігушілік жоқ.
Анықталғаны сол, кесте бойынша кешігушілік жоқ.
Анықталғаны сол, кесте бойынша кешігушілік жоқ.

Ашық аспан астындағы жиналыс. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов облыстық әкімшілік-орталығын салу бойынша штаб отырысын далада өткізді. Дәл сол орталық салынатын аумақта.

Әкім тапсырылатын нысанның уақытында берілуін өзі қадағалайтынын ескертіп, орталық құрылысының межеден кешікпей орындалуы маңызды екенін айтты. Жиында мердігер компаниялар өз нысанындағы құрылыстың сапасы, барысы жайлы есеп берісті.

Анықталғаны сол, кесте бойынша кешігушілік жоқ. Бірақ өз міндеттерін уақытылы орындамаған компаниялар жауапқа тартылатыны ескертілді.

Айта өтейік әкімшілік орталықта әкімдік ғимараттарымен бірге Салтанат сарайы, «Түркістан» киноконцерт залы салынатын болады. Сонымен бірге орыс драма театры, кітапхана және көрме кешені салынбақ. Сондай-ақ 5 мың адам сиятын мешіт бой көтереді. Басқа да коммерциялық нысандардың құрылысы жоспарлануда.