Әзілдесемін деп ажал құшты

260
Айыпталушыға жәбірленуші
Айыпталушыға жәбірленуші
Айыпталушыға жәбірленуші

Мақтаарал ауданында 40 жастағы азамат ауылдасының әзілін көтере алмай оны өлтіріп алды. Бұл оқиға бойынша облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотта қазір ғана сот отырысы аяқталды.

Ауылдасының қанын мойнына жүктеген азамат 7 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айырылды. Оқиға осыдан 4 ай бұрын болған. Қаза тапқан жігіт ауылдасының жұмысына спирттік ішімдік ішіп алып келсе керек. Сөйтіп оны үйіне қайтарып жібереді. Бұған ашуланған ол тағы бір танысын ертіп алып, әлгіні жағасынан алған. Ол да қарап тұрмай жұмысынан пықа әкеліп сұғып жіберген.

Қылмыстықтық істі қарау барысында сотталушының оқиға кезінде алкогольді ішімдік ішпегені. Марқұмның ішіп алып шу шығарғаны ескерілген. Оның үстіне айыпталушыға жәбірленуші жақ кешірім беріпті. Сондықтан, кісі өлімі үшін жазасын өтеу мерзімі көп болмаған.