«Арғымақ, сені сақтадым!»

1329
"Тұлпар - ердің қанаты" дейді дана қазақ

«Арғымақ, сені сақтадым!» Облыстық өлкетану мұражайында қазақтың қасиетті жылқысын дәріптеуге арналған көрме Исатай Тайманұлының осындай сөздерімен ашылды. Іс-шараға облыстық ұлттық спорт федерациясы мен мұражай қызметкерлері мұрындық болуда.

"Тұлпар - ердің қанаты" дейді дана қазақ
«Тұлпар — ердің қанаты» дейді дана қазақ

Тек жылқы ғана емес, оның әбзелдері мен қыран құс секілді өзге де ұлттық құндылықтарды дәріптеген жиынға көкпаршылар да қатысуда. Аттың қадірін дәл осы көкпаршылардан артық білетіндер кемде-кем. Солардың бірі — 13 жылдан бері көкпар тартып келе жатқан Ақылбай Манкеев.

Ат баптаудың өзіндік сыры мен ерекшелігі мол
Ат баптаудың өзіндік сыры мен ерекшелігі мол

Бүгінгідей шараны өткізуге ер-жігіттің қанатына айналған асыл тұқымды жануар — жылқының қазақтың өміріндегі орнын ерекше көрсету түрткі болды дейді мамандар. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған шараға өңіріміздің түкпір-түкпірінен ұлттық спорттың жанашырлары мен жастар, әскерилер де жиналды. Ән айтылып, қызықты өткен көрменің соңында жас сәбидің тұсауы кесілді.