«Арғымақ» автобазарына келіңіз

1101
"Арғымақ" автобазары шақырады

 

"Арғымақ" автобазары шақырады
«Арғымақ» автобазары шақырады

Көлік алғыңыз келсе, «Арғымаққа» келіңіз. Шымкент қаласында жаңа көлік базары ашылды. Ташкент тас жолы бойында ашылған жаңа базардың ерекшелігін өзімізде байқап қайтқан болатынбыз. 

Алматыдан арнайы темір тұлпар алуға келген Марат есімді жігіт жаңадан ашылған «Арғымақ» автобазарынан іздегенін тауыпты. Алғашқы сатып алушылардың бірі базардың көпсаланы қамтығандығы ұнаған. Көлігін рәсімдеймін деп әр жаққа шапқыламайды да. Нотариус жанында, көлік жөндейтін және жуатын орталықтар, тағы басқа керекті қызмет орындары бір «Арғымақтың» ішінде бар.

«Арғымақ» автобазары 20 гектар жерді қамтиды. Ол жерге сиымдылығы 6 мың көлікке шамаланған базар салыныпты. Базар аумағы асфальтталған, арнайы 5 автотұрағы бар. Келушілерге қарулы күзет қызметі де бар.

Орын алған жол кептелісі көлік қатынасына кедергі келтіріп, айналадағыларға қауіпті жағдай туғызатын күндер енді Арғымақтың арқасында келмеске кетті. Көптен күткен жаңа базардың іске қосылғанына көліктерін сатып, саудасын жүргізген азаматтардың бәрі де дән риза.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=mxd7k5OFdmM[/youtube]