Жолаушыларға жағымды жаңалық. Мереке күндері қатынаушылардың көп болатынын ескерген «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша пойыздарды жолға шығармақ. Мамыр айында жолаушылар санының артуына байланысты қосымша пойыздар жүретін болады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарланды.
23 вагоннан тұратын «Тальго» пойызы Алматы 2- Шымкент бағытымен ертеңнен бастап аптасына үш рет жүреді. Атап айтқанда, № 503/504 қатынасы бойынша «Алматы-2 — Астана» бағытына бір рейс жөнелтілмек. 28-сәуір күні 17 сағат 43 минутқа жоспарланып отыр.
Астанадан 29 сәуір 21 сағат 43 минутта қатынайды. №35/36 қатынасына «Алматы-2 — Шымкент» бағыты бойынша 30 сәуір мен 26 мамыр аралығында аптасына үш рет, ал «Алматы-2» вокзалынан жөнелтілім әр сейсенбі, бейсенбі және сенбі сайын 22 сағат 10 минутта болады деп күтілуде.
Ал Шымкенттен сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері 22 сағат 10 минута жүретін болады. Жүрдек пойыздардың әрбір құрамы «Тальгоның» 23 вагонынан тұрады. Оның ішінде 19 вагон «Турист» класына жатады. Бұл күндері вагон-ресторан, вагон-кафетерий және 2 техникалық вагон жұмыс істейді.