Мереке күндері ХҚКО мен МХҚО жұмыс істемейді

58
Жаңа жылдан бастап, мемлекеттік әлеуметтік көмек түрлерін электронды қолтаңба арқылы халыққа қызмет көрсету орталығынан алу мүмкіндігі туып тұр

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы алдағы мереке күндері ХҚКО-лар мен МХҚО-лар жұмыс істемейтінін мәлімдеді.

«Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына байланысты 8, 21, 22 және 23 наурызда Қазақстанның Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді», – деп хабарлады корпорация.
Айта кетері, осы аптада 6, 7, 9 және 10 наурызда ХҚКО-лар мен МХҚО-лар әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейді. Ал 11 наурыз, сенбі күні кезекші ХҚКО-лар сағат 13:00-ге дейін азаматтарды қабылдайды.
ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, кезекші ХҚКО-лар жұмыс күндері 9-00-ден 20-00-ге дейін, сенбі күні сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін жұмыс істейді.
Сондай-ақ Астана, Шымкент және Қызылорда қалаларында кезекші ХҚКО-лардың мекенжайлары өзгерді. Елордада Иманов көшесі, 20, Сәтбаев көшесі, 25 және 20-40 көшесі, 2 мекенжайларында орналасқан кезекші ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 20:00-ге дейін қабылдайды.