Нағашыларын айуандықпен өлтірген жігітке санкция берілді

455
күдікті
күдікті

Үш әйелдің өліміне қатысты дауға әлі жалғасуда. Еске сала кетейік, Қазығұрт ауданында 25 жастағы жігіт өзінің нағашы әжесі мен екі апасын пышақтап өлтіріп тастаған болатын. Бүгін әл-Фараби аудандық сотында бас күдіктіге қатысты бірнеше сұрақтардың жауабы қаралып, санкция берілді.

Бұл жас жігіт ауыр қылмыс бойынша айыпталуда. Осыдан екі күн бұрын өзінің нағашы әжесі мен әпкелерін айуандықпен өлтірген болатын. Үшеуінде де пышақ жарақаты болған. Полицейлер бір марқұмның денесіне 50-дей пышақ іздерін санап шығыпты.

Алдан-ала тексеру жұмыстарының өзінде нағашыларына жиендік емес, айуандық жасағанын бірден мойындаған. Тексеру нәтижесі көрсеткендей, бұл ауыр қылмысты араққа тойып алып, жасағаны белгілі болды. Осылайша, жас кезінен сақталған кегін алмақшы болыпты.

 

судья санкция берді
судья санкция берді

 

Талғат Қахаров, әл-Фараби аудандық сотының судьясы: «Ол ауыр қылмысты алкогльдік ішімдік ішіп алып жасаған. Айтуы бойынша, әкесі қайтыс болған соң. нағашыларымен арасындағы байланыстың мәні кеткен. Жылдар бойы жинаған кегін қайтармақ болып, осындай қылмысқа барған».

Сот күдіктіні екі айға қамауға санкция берді. Тексеру аяқталысымен сот оны темір торға аттандырады. Нағашыларына қол жұмсаған ол осы ауыр қылмысы үшін, өмірбойына түрмеге тоғытылмақ.

 

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=PjhfOa1uoxg[/youtube]