ОҚМФА ұжымының отандық медицинаға қосқан үлесі зор

438
ОҚМФА ұстаздары ғылым күнін атап өтті

 

ОҚМФА ұстаздары ғылым күнін атап өтті
ОҚМФА ұстаздары ғылым күнін атап өтті

ОҚМФА-ның ғалымдары төл мерекесін жастармен бірге ерекше атап өтті. Ең үздік профессор, ұстаздар қауымы және ғылыми қызметкерлер осы күні марапатқа ие болды. Ғылым жолында еткен еңбек, сөйтіп еш кетпеді.

ОҚМФА проректоры ғылым күнімен әріптестерін құттықтап, академия ұжымының ғылымға қосқан үлесін сөз етті. Осы күні » ғылым саласындағы Үздік кафедра», «Үздік ғылыми ұстаз» номинациялары бойынша жүлдегерлерге тарту-таралғы да жасалды.

Фармацевтикалық академияның мақтан тұтар оқытушы-профессорлары аз емес. Соның бірі әрі бірегейі медицина ғылымының докторы Гүлсім Душанова. Ол «қояншық ұстамалы ауруының алдын алу мен психологиялық өзгерістерінің ғылыми негізі» жобасының авторы. Бұл бастама білім және ғылым министрлігінің тарапынан қаржылай қолдауға ие болған.

Гүлсім Душанова, ОҚМФА неврология, психиатрия және психология кафедрасының меңгеруішісі: «Біз бұл проблема бойынша бірнеше жыл қатарынан жұмыс істеп келеміз. Алдын ала нәтижеге де қол жеткізіп үлгердік. Бұл жобаның әлеуметтік маңызды мәні бар».

Отандық Медицина ғылымына фармакадемияның студенттерінің де қосқан үлесі айтарлықтай. Олар мұны елімізде ғана емес шетелде де дәлелдеп үлгерген. Бүгінде аталмыш оқу орнының кафедралары 22 ғылыми техникалық жоба негізінде еңбек етіп келеді. Бұл еліміздегі медициналық жоғарғы оқу орындары арасында студент жастарды белсенді жұмылдыра білген алдыңғы қатарлы оқу орны.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=a2UtRgRx9cI[/youtube]