Оңтүстікте жаппай егу жұмыстары басталды. 21 түрлі індеттің алдын-алу мақсатында балалар мен қатар ересектер де егілетін болады. Бұл науқан кезінде әсіресе жаңадан қоныс аударғандар мен өткен жылы егуге белгілі бір себептермен келе алмағандар басты назарда болмақ. Осы арқылы елімізде белең алып кеткен ауру түрлеріне қарсы күресеміз дейді ақ желеңділер. Бірақ, өңірде егуден бас тартып жатқан ата-аналардың саны да азаймай тұр.
ОҚО-да егуден бас тартқандар саны күрт көбейіп кеткені рас. Осы күнге дейін баласына түрлі дерттерге қарсы екпе салдырудан 200 ге жуық ата-ана бас тартқан. Ал былтыр 100 ата-ана иммундауға қарсы шығып еді. Бұл туралы бүгін облыстық салауатты өмсір салтын қалыптастыру орталығында өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Денсаулық сақтау басқармасы мамандарын бұл жағдай қатты алаңдатып отыр. Осыған байланысты қазір дәрігерлер мен қатар психологтар аналармен арнайы кездесіп, екпеден бас тартпауға шақыруға кірісті. Өйткені түрлі дерттер дендеп кетуі мүмкін деп қауіптенеді. Олардың басым бөлігі өзге дініи ағымның жетегінде кеткендер екен.
Забира Есенғараева, ОҚО денсаулық сақтау басқармасының бас маманы: «Бас тартушылардың 78 пайызы діни көзқараста болса, 22 пайызы БАҚ-ның материалдарын оқып алғаннан кейін бас тартқан. БАҚ-да берілген вакцинацияның салдарынан мүгедек боп қалды немесе вакцинацияның салдарынан қайтыс болды деген фактілердің еш қайсысы дәлелденген жоқ!»
Мамандар екпенің пайдасын насихаттап жүргенде уақытты өткізіп алып жатырмыз. Ал бұл өте қауіпті дейді. Яғни нәрестеге туберкелузге қарсы перзентханада екпе жасалу керек. Біздің мамандар айлап ата-анамен кездесіп, содан кейін ғана рұқсатын алатын жағдайлар жиілеген.
Екпеден бас тартушылардың әрекетін Сайлаубай Байтасов түсінбейді. Ол 5 жасар Нұржаусынды алғашқылардың бірі болып емханаға әкелді. 7 баланың әкесі осы уақытқа дейін иммундаудың пайдасы болмаса, зиянын көрмеппін дейді.
Апталық аясында инфекциялық ауруларға қарсы белгіленген мерзімде егілмеген барлық жастағы адамдарды анықтау және егу жұмыстары жүргізілмек. Жаппай егу жұмыстары бір апта көлемінде жүргізілмек. Вакцина алу тегін.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ZKdwz5fDJwM[/youtube]