Облыстағы 120 мың кәсіпкердің 45 пайызын жастар құрайды

370
Жастар орталықтың жұмысымен жіті танысты
Жастар орталықтың жұмысымен жіті танысты
Жастар орталықтың жұмысымен жіті танысты

Облысымызда 120 мыңнан аса кәсіпкер болса, соның 45 пайызын жас кәсіпкерлер құрайды. Жеке ісін ашып, нәпақасын тауып отырған жастардың қатарын көбейту мақсатында облысымыздың түкпір-түкпірінен келген жастар кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында бас қосты. Кездесуге келген жастарға орталықтың директоры Нұржан Әлтаев кәсіпкерлерге көрсетіп отырған қызметтерімен таныстырды. Елбасының шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатындағы мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарынан да хабардар етті.

Дамир Жүнісов, «Жастар орталығы» МКМ-нің бөлім бастығы: «Барлық жоғары оқу орынын бітіріп жатқан жастарға мемлекеттің жұмысы жетпейді. Сол себепті оңтүстіктің жастарымен осындай бағытта жұмыстар жасалып жатыр.Яғни олардың кәсіпкерлігін ашу мәселесі, қандай бағыттар қарастырылады деген сауалдарға жауабын алып, кеңес беру». ЗКТ: Кеңес алған жастар орталықтың жұмысымен жіті танысып, кәсіпкерлігін ашуға бел буған жандарға түбегейлі тегін кеңес беріліп, аяқтан нық тұрғанша демеу болатынына көздерін жеткізді. Осындай кездесулерден кейін, жас кәсіпкерлердің саны артатынына ұйымдастырушылар сенімді».

Асылзат Тоғызова, студент: «Орталыққа келіп, сапалы қызмет көрсетіп отырғандарына риза болдым. Біздің заманда кеңестің өзі ақша. Өз ісін неден бастарын білмей жүрген жастар көп. Қаржыны қайдан алады, кепілдік не қоямын деген сауал мені мазалайтын. Қуаныштысы, осындай өзекті сұрақтардың жауабын алдым. Алғысымда шексіз».

«Жас келсе іске» дейді дана халқымыз. Екі қолға бір күрек таппай ауылда армандармен өмір сүргенше, өз ісін ашып, тың идеяларын жүзеге асыруда тартынбау қажет-ақ.

Дамир Жүнісов, «Жастар орталығы» МКМ бөлім бастығы: «Ауыл жастарына айтарым, бізбен қатар замандас жастар, ауылда мемлекеттік қызметті армандап отырмай, өзінің кішігірім кәсібі болса да ашып, жанына достарын жинағаны жөн. Ол өз-өзін жұмыспен қамту болып саналады. Күнделікті күнін көріп, мемлекетте жасалып жатқан жағдайларды пайдаланғаны жөн».

Жастар кәсіпкер атанамын десе елімізде жол ашық. Арнайы бизнес мектептерде оқытып, сертификат беріп жатыр. Ең бастысы, ынта мен жігер болса болғаны.