«Парасат» колледжі ынтымақ мерекесін атап өтті

307
татулық мерекесіне студенттер тартуын арнады
татулық мерекесіне студенттер тартуын арнады
татулық мерекесіне студенттер тартуын арнады

Қонақжай қазақ елінің отанасы Балқадиша ананың үйінде жайылған дастарханға өзге ұлт өкілдері қонаққа келді. Бірі ұлттық тағамын арқалай жетсе, енді бірі ән мен жырын ала келіпті. Тату-тәтті шаңырақты бейнелеген бұл көріністі «Парасат» колледжінің студенттері ұйымдастырған.

Динара Сұлтанқұлова, «Парасат» колледжінің студенті: «Ұлттардың татулығы баға жетпес құндылық. Бейбіт өмірдің тірегі де ұлттардың татулығының арқасында. Елімізде тыныштық бұлты ыдырамасын деп тілеймін. Бүгін өзбек ұлтының қызын сомдап келдім. Екі ұлттың өзіндік ұқсастықтары да көп екен».

Аружан Маратбаева, «Парасат» колледжінің студенті: «Елімізде 130 ұлт өмір сүреді. Бәрі бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүруі Елбасының сарабдал саясатының арқасында. Елдің ертеңі біздің қолымызда. Сондықтан әр ұлтты өзіндік болмысымен сыйлау парызымыз».

Студенттер өз қойлымдарын тамашалады
Студенттер өз қойлымдарын тамашалады

Ынтымақ пен бірлік мерекесін оңтүстікте алғашқылардың бірі болып «Парасат» колледжі атап өтті. Белсенді студенттер ұлтына нәсіліне қарамай барлық халық өкілдері бір-бірімен туысқандай араласатын ел жайлы баяндамалар дайындаған. Өздерінің ізденімпаздылығының арқасында тыныштықтың кепілі-бірлік екенін мойындап, бейбіт елдің ертеңі екенін мақтанышпен сөз қылды.

Жарқынбек Жақыпбеков, «Парасат» колледжінің мұғалімі: «Студенттер ынтымақ берекесінің қасиетін түсініп, өздері ынта-жігермен дайындалғаны мұғалімдердің еңбегі деп білеміз. «Тілі басқа болғанымен жүрегі бір, діні басқа болғанымен тілегі бір» дегендей Қазақстан елінің халықтарын атаулы мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз».

1-мамыр ұлттар мен ұлыстар бірлігінің шынайы рәмізіне айналған еліміздегі айтулы мереке. «Төртеу түгел болса төбедегі келері» хақ. Сан ұлттың мекені болған мемлекетіміздің алар асуы алда дейді жас толқын.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=zIHKt6w48Zk[/youtube]