Кешегі аптада М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің «Мұнай, газ және полимерлер технологиясы» кафедрасының 8 студенті Petro Kazakhstan Oil Prodaktions” ЖШС негізінде ашылған оқыту-әдістемелік орталығында дипломдық жұмыстарын қорғады.
Болашақ түлектердің жұмыстарын «Экошина» ЖШС техникалық директоры С.Айсартов, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ң «Мұнай, газ және полимерлер технологиясы» кафедрасының меңгерішісі С.Сақыбаева, «Petro Kazakhstan Oil Prodaktions”ЖШС-ң «Висбекинг» қондырғысының бастығы Е.Ермаханбетов, Petro Kazakhstan Oil Prodaktions” ЖШС-ң «Мазутты вакумдық айдау» қондырғысының бастығы Қ.Молдабековтер тыңдап, баға берді.
Айта кету керек, Шымкенттегі Petro Kazakhstan Oil Prodaktions” ЖШС-гі М.Әуезов атындағы ОҚМУ-мен көпжылдан бері тығыз қатынаста жұмыс жасап келеді. Яғни, аталмыш мекеме оқу ордасын арнайы құрылғылармен жабдықталған лабораториялармен, тәжірибелік кабинеттермен, техникалық құрылғылармен қамтамасыз етіп отырады. Сондай-ақ, Petro Kazakhstan Oil Prodaktions” ЖШС студенттердің білімін шыңдау үшін іс-тәжірибеден өтуге де мүмкіндік жасалып отыр. Яғни, студенттер зауыттағы қондырғылармен танысып, онда қалай жұмыс жасау керектігін үйрененіп, техникалық қауіпсіздікті сақтау ережелерімен де танысады. Былтырғы жылы серіктестіктің базасы негізінде «Мұнай, газ және полимерлер технологиясы» кафедрасының 9 студент іс-тәжірибеден өтсе, биыл 8 шәкірт білімін шыңдапты.
«Қызыл дипломға» үміткер Азамат Әлтаев, оның дипломдық жұмысының «Petro Kazakhstan Oil Prodaktions” ЖШС-нетікелей қатысы барын айтады. Сондай-ақ, бітіруші түлек, өзінің жұмысының мекеме басшыларын қызығушылығын тудыратынына сенімді.
Кадр мамандарын оқыту және даярлау бөлімінің үйлестірушісі Еркінбек Қалдыкөзовтің айтуынша, оқуын тәмамдаған студенттер аталмыш мекемеге жұмысқа қабылданады. Алайда, оларға белгілі бір дәрежедегі куәлік бермес бұрын, жас мамандар 2-3 жыл бойы сынақ мерзімінен өтеді екен. Сынақтан өткен маманға куәлік табыс етіліп, Petro Kazakhstan Oil Prodaktions” ЖШС-нің маманы атанады.
Алдағы уақытта да серіктестік басшылары осындай игі бастамаларды қолға алып, көптеген жас түлектердің шыңдала түсуіне өз септігін тигізеді деген сенімдеміз. Қолға алынған тындырымды тірліктері, алар асуы көп болғай.