Жемқорлықтан білім саласының қызметкерлері өзгелерге жеңісті берер емес. Аузымызды жиып болғанымыз сол екен, Сарыағаштан тағы да шу шықты.
Мұнда аудандық білім бөлімінің бастығының орынбасарының үстінен ҚР ҚК-нің 176-бабының 3-бөлігінің «б,г» тармақтарымен қылмыстық іс қозғалған. Ол мемлекеттік лауазымды қызметті атқаруға теңестірілген адам бола тұра, өзінің қызмет бабын асыра пайдаланған. Білім бөлімі бастығының орынбасары Абай ауылындағы О. Есимов атындағы №73 орта мектебінің 2012 жылға ағымдағы жөндеу-құрылыс жұмыстарын толық көлемде аяқталмағанын біле тұра, құрылыс-жқндеу жұмыстарының №Ф-2,3 нысанды атқарылған жұмыстары толық көлемде аяқталғаны туралы актісін заңсыз бекітіп, бюджеттен бөлінген жалпы сомасы 2,8 миллион теңгені заңсыз алған.
Қазіргі таңда күдіктеге қатысты қызметтік жалғандық жасау және бөтен мүлікті иемденіп алу немесе ысырап ету деректері бойынша 2 қылмыстық іс қозғалды. қылмыстық істер тергелуде.