ҰҚК қызметкері атын жамылып 12 млн. теңге пара алмақ болған

67

Өзін ҰҚК қызметкерімін деп таныстырған түркістандық тұрғын 6 млн. теңге пара алу үстінде құқықталды.

Ол білім саласының маманына жергілікті экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатқан тексеру шарасын тоқтатамын деп уәде берген көрінеді. Ал ақысына 12 млн. теңге сұраған. Қазір комитет атын жамылып әрекет еткен күдіктіге қатысты тергеу жүріп жатыр.

«Ол өзін ҚР ҰҚК қызметкері ретінде таныстырды және ЭТТД мен ҰҚКД тарапынан тексеру іс-шараларын тоқтату сылтауымен пара беруге итермеледі. ҚМА Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен және өңірдің ҰҚКД-мен бірлесіп жүргізген ұстау іс-шарасы барысында белгілі болғандай, келісілген ақшалай сыйақы сомасы 12 млн. теңгені құрады, оның жартысын алған кезде аталған азамат ұсталды.
Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», – дейді ҚР ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.