Шала қазақтарға лауазымды қызметте орын жоқ

351
Тіл білмегенге тақ жоқ
Тіл білмегенге тақ жоқ
Тіл білмегенге тақ жоқ

Қазақ және ағылшын тілін білмейтін шенеунік мемлекеттік қызметтің маңына да жолатылмайды. Пара алып масқарасы шыққандардың тіпті бұл туралы ойлауының өзі артық. Бұл жөнінде бүгін облыстық әкімдікте өткен «А» корпусына іріктеу жөніндегі жиында айтылды.

Айта өтейік, А корпусына облыс әкімінің орынбасарлары, аппарат жетекшісі және жауапты хатшы секілді кіл лауазымды қызметтер жатады. Қазір бұған іріктеу жүріп жатыр. Басқарушы қызметті атқарғым келеді деген азаматтар құжат тапсырып, іріктеуден өтуі тиіс делінді бас қосуда.

Бірақ қойлатын талаптар тым қатаң. Түрлі заңдар төңірегінде қойылатын сұрақтарға мүдірмей жауап беру керек. Ал ең көп сұрақ қазақ тіліне қатысты болады. Бұл дегені енді Қазақстандағы шенеуніктердің «қаймақтары» сөз алса тамсана тыңдайсыз. Өйткені шала қазақтарға лауазымды қызметте орын жоқ.

Бір қызығы, осы жиында сөз сөйлеген шенеунік қазақшаға судай болғанымен оқыған баяндамасы тым ұзақ болды ма, жиналғандарды жалықтырып алды. Айтуынша, қазір елде 550 лауазымды қызметке іріктеу басталған. Бірақ бұған қанша шымкенттік шенеуніктің үміт білдіргені айтылмады.