Úı ANONS 5,5 млн. теңгені жымқырған шенеунік түрмеге қамалмайтын болды

5,5 млн. теңгені жымқырған шенеунік түрмеге қамалмайтын болды

Қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, қол астындағы жұмыскерлердің сыйақысын жымқырған шенеунік түрмеге тоғытылмайтын болды. Түркістан облыстық «Ветеринарлық қызмет» басшысы 115 қызметкерге сыйақы ретінде төленген 5 жарым млн теңгені жинап алған. Сот оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындаған.

Данияр Бигайдаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі: «Түркістан қалалық сотының үкімімен облыстық ветеринария басқармасының «Ветеринарлық қызмет» ШЖҚ МКК басшысы Б. Бегманов сотталды. Сот үкімімен Б. Бегмановқа 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ»