Украинада жиналған жапондық темір тұлпарлар №78 және 65 бағытта қатынайды. Қаладағы қоғамдық көліктерді 20 пайызға дейін жаңалау — облыс әкімінің тапсырмасы. Бүгінде 35 жаңа көліктер түрлі бағыттарда жолаушыларға қызмет көрсетуге кіріскен.
Көлік жүргізушісі Төребек Үмбетов жаңа автобустың қыр-сырына қанық. Өйткені, бұл су жаңа темір тұлпарды тәжірибелі жүргізуші Астанадан өзі жеткізіпті. Көліктің сапалы екендігі ұзақ жолда дәлелденді. Еш күрделіктер туындамады дейді ол. Қазірде аулада жүргізіп, қозғалтқыштың жұмысын тексеруде.
Қалада қатынайтын қоғамдық көліктердің 20 пайызын жаңалау- облыс әкімінің тапсырмасы. Оны жүзеге асыру бағытында өңірдің мүмкіндіктері де пайдаланылуда.
Бұл бастаманы сала министрлігі және жергілікті билік қолдаса , бұл игі істен тек қоғамдық көлік компаниялары ғана емес, жолаушылар да ұтатыны анық.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=s_eZXV0Y_qM[/youtube]