Халық арасында алтынның бағасы арзандады деген сыбыс үдеп барады. Расында да әлем биржасында алтынның бағасы күн өткен сайын әлсіреуде. Өйткені, Кипр еліндегі дағдарысқа байланысты, ондағылар өздерінің қордағы барлық қымбат металдарын саутға шығармақ. Салдарынан алтын арзандап, құнын жоғалтуы ғажап емес. Бірақ, біздің елдегі жағдай әзірге бірқалыпты.
Соңғы он жылдың көлемінде Алтын саудасымен айналысып жүрген Ұлжан кәсіптің қыр-сырын меңгеріп алған. Ол, алтын бағасы арзандап барады дегенмен келіспейді. Өйткені біздің қалада қымбат металдың бағасы тұрақты. Сол себепті даурығудың қажеті жоқ деп есептейді.
Сатып алушылардың да қатары қалың. Әттегідей, таңдаған бұйымдарын үйреншікті бағада алып жатыр. Еуропада құлдыраған қымбат металдың бағасы біздің елге әсер етіп үлгермеген.
Гүлмира Сейдазимова, сатып алушы: «Алтын ешқашан бағасын жоғалтпайды. Ломбардқа өткізсең де ақша. Сосын қайтып аласын. Арзандығын байқамадым. Ең бастысы саналы болғаны дұрыс».
Сонымен, халық жиі алатын алтындарды саралайтын болсақ, баға ресейлік 750 сафтағы алтынның 1 грамы-10 мың теңгеге дейін, украиналық алтын-6,300 теңге, түркиялық алтынның грамы-6,300 болса, италяндық түрі 7 мыңнан 9,500 теңге аралығында құрап отыр. Баға тұрақты болған соң, тұрғындардың басым бөлігі қорын алтын бұйымдармен жинағанды жөн санайтынын жасырған жоқ.
Осыдан жарты жыл бұрын ғана алтын құны қымбаттап барады деп дабыл қаққан еді әлемнің сарапшылары. Алтынның әлемдік бағасы унциясына 1825 долларға жеткенде рекордтық көрсеткіш саналады деген болатын. Бүгінде оның бағасы 1400 АҚШ долларын құрап отыр. Бұл дегеніміз, соңғы 11 жыл қатарынан өсіп келе жатқан алтын бағасы төмендей бастады.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=UZNcba8Wh9Q[/youtube]