Оңтүстік Қазақстанға су жаңа 15 автобус және 7 шағынавтобус әкелінді. Енді олар халықаралық және қалааралық бағыттағы ескірген көліктердің орнын ауыстырмақ. Бүгін Шымкентте жаңа автобустардың таныстырлымы болды. Олардың барлығы алдағы мамыр мерекелерінен соң түрлі бағыттар бойынша сапарға аттанады. Билік көліктерді «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы асяында сатып алған.
«Самал» автовокзалының алаңшасында тұрған су жаңа автобустар қытайлық зауыттан Шымкентке тікелей жеткізілген. Қажетті құжаттары рәсімделіп біткен соң, барлығы түрлі бағыттарда жолға шығады. Автобустар кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы негізінде сатып алынған.
Әбілсейіт Рабаев, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы: «Жаңаланса автобустар жақсы ондай кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі. Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары қажет болса жобалардың бизнес жоспарларын құрып та, банктен 7 пайыздық мөлшерлемемен несие алуға көмек көрсетуге дайын. Өткізіліп жатқан тендерде көлікпаркі жаңаланған мекемелерге аса көңіл бөлінеді. Өз кәсібін дамытқан кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетіледі».
Жолаушы тасымалдайтын көліктер салонындағы жабдықтар мен орындықтардың ыңғайлылығын алғашқы мінушілер байқап та көрді. Жергілікті билік көлік компанияларына талап қойғанда, осыны нақтылаған.
Руслан Тілемісов, жолаушы: «Бұрын қорқып отыратын едік. Енді міне жаңа автобустарда еш проблемасыз діттеген жерімізге жетеміз».
Нұржан Әлтаев, кәсіпкерлікті қолдау орталығының басшысы: «Бұрын көлік апаттары көп тіркелетін. Өйткені компаниялар қолданыста болған автобустарды бұрын сатып алып бағыттарға шығаратын, ал мына жоба бойынша су жаңа автобустар алып келінді. Жобаның жалпы құны 352 жарым млн теңге. Кәсіпкерлікті қолдау орталығы «Қасиет Транзит Сервис» ЖШС АТФ банкі арқылы 317 млн теңге көлеміндегі несиені 7 пайыздық мөлшерлемемен алуға көмек көрсетті. Автобустар Еуро 4 стандарттарына сай».
Жамалитдин Ешметовке жүргізушінің кабинасы ұнапты. Тиісті қондырғылармен қамтылған көлікте қай бағытта болсын жолаушыларды тасымалдауға ыңғайлы болады дейді тәжірибелі жүргізуші.
Жамалитдин Ешметов, жүргізуші: «Комфортабельный, жолда сенімді және де отырған жерімнен барлығы жақсы көрінеді… Біздің өңірдегі жолдардың құрылысы аяқталса күрделіктер туындамайды деп ойлаймын».
Қоғамдық көліктерді сатып алу үшін қомақты қаржы жұмсалды. Бұл Евро-4 стандартына сай болу үшін қажет. Себебі, алдағы жаздан елімізге әкелінетін көліктердің шыққан жылы жіті тексеріледі. 2005 жылдан ескісі кіргізілмейді.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=FcpYDpZ-SUE[/youtube]