Автобустардың бағытын анықтайтын тағы бір қосымша іске қосылды

«2GIS” қосымшасында қоғамдық көліктердің бағытын ғана емес, келу уақыты мен қайда екенін көруге болады. Жаңа жоба жыл басынан бастап қолға алынған. Бұл қала тұрғындарымен қатар қонақтарына да ыңғайлы. Цифрландыру басқармасының басшысы тұрғындар үшін тағы бір жағымды жаңалықпен бөлісті.

Енді автобустардың бағытын ғана емес, бір бағытта қанша қоғамдық көлік жүргенін, олардың келу уақытын, қай аумақта екенін білуге болады. «2GIS” бағдарламасында жаңа қосымша іске қосылды. «і-Kolik» мобильді қолданбасына балама ретінде жүзеге асқан бұл жоба – тек тұрғындарға ғана емес, қоғамдық көліктерге мониторинг жүргізуге де ыңғайлы дейді қалалық цифрландыру басқармасының басшысы.

«Қоғамдық кеңесте сын-ескертпелер айкөлік қосымшасына. Оның Playmarket-тегі, AppStore-дағы жүктелуі төмен және тағы басқа кемшіліктер бойынша. Жаңадан қосымша ойлап табудың қажеті жоқ. Транспорт басқармасы бұл бастаманы қолдады. 2GIS-ке қоғамдық көліктер туралы, оның бағыттары туралы деректер шығып отыр. Басты мақсат – тек қана қала тұрғындары ғана емес қала қонақтарына да қолайлы болу үшін», -деді Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов.

Мамандар жаңа қосымшаны 3 айға жуық уақыт ішінде тексеруден өткізіп, жүзеге асырды. Жоба жыл басынан бастап іске қосылды. Енді тұтынушы қосымшаға кіріп, карта қабаттары бөлімін басып, транспорт батырмасын белгілеу арқылы кез келген автобусты қарай алады. Жауаптылар жүйеде ақау жоқ екенін, пайда болған жағдайда дереу жоюға кірісетінін жеткізді.

«2GIS»-те карта нақты бүкіл карталарға қарағанда. Олардағы техникалық параметрі сай келеді. Біз жұмыс істемес бұрын техникалық мүмкіндігі, серверлердің орналасу аймағы, біз GPS трекерелерді бергенде оған берілген жады бәрін береміз және соған сай келгенде ғана жұмыс істейміз. Болашақта ақау болмайды деп сенеміз», – дейді Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов.

Басқарма басшысы жоспармен де бөлісті. Енді «2GIS» қосымшасында өз үйіңізді немес заңды нысанды белгілеп, сізге қандай коммуналық және медициналық мекеменің қызмет көрсететінін және оның қайда орналасқанын білуге болады. Қазір жоба тексеру кезеңінен өтіп жатыр. Егер сәтті жүзеге асса, жақын арада қолданысқа енуі ықтимал.