«Оңтүстік» шағын ауданы, бұрынғы «Чапаевка» елдімекенінде жасанды жарылғыш зат жарылды. Әлі расталмаған ақпараттарға қарағанда жарылғыш зат үйдің қоңырау түймесіне орнатылған көрінеді.
Ол түйме осыдан бір ай бұрын қолды болған. Сосын қайтадан пайда боп қалады. Бірақ үй иесі оны алып тастаған. Жерде жатқан кезде ағашпен түймені басқаны сол-ақ екен жойқын жарылыс болған.
Оқиға орны қазір қоршауға алынған. Нақты ақпарат әлі айтылмай жатыр. Айта өтейік, «Оңтүстік» шағын ауданында соңғы бір жылда үш рет жасанды жарылғыш зат жарылды.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ys_B6NIDpQU[/youtube]