Шымкенттің ең жас гимнасшылары ептілерді анықтады

305
"Спорт - денсаулық кепілі" - гимнасшылардың ұраны

«Біз нашақорлыққа қарсымыз» — осылай деп ұрандатқан жас спортшылар гимнастика мектебінің жүлдесі үшін таласқа түсті. Бар жоғы жүзге тарта жеткіншек. Олардың арасында спортпен енді ғана шұғылданып жүргендері де бар.  Оның үстіне бұл күндері Шым қалаға оңтсүтік астаналық гимнасшылар да жаттығуға келіпті. Бұл жарыс барысында мамандар қонақтардың да ептілігін сынға салды. Алайда басты мақсат жүлде емес, балаларды спортпен шұғылдануға шақыру болатын.

"Спорт - денсаулық кепілі" - гимнасшылардың ұраны
«Спорт — денсаулық кепілі» — гимнасшылардың ұраны

 

Ал Марина Миронова бұған дейін де жарыстарға шығып, топты жарып жүр.  Бұл жолғы турнирге ол шеберлік сабағын көрсету үшін шыққан сыңайлы.

Марина Мирнова, гимнасшы: «Бүгінгі жарыста қолымнан келгенін жасадым. Әрине, оңай емес. Десек те алдыма көп жоспар қойып отырмын. Бапкер болғым келеді. Әрине, бағым жанса, Олимпиада ойындарының чемпионы атансам деп армандаймын. Юсупова, Канаева сынды жұлдыз болсам деймін.»

Бір күн бойында сынға түскен жеткішектердің арасынан Ирина Ли үздік танылды. Сондай-ақ, София Аманатова, Жания Кәрім бірінші орыннан көрінді. Ал Таисия Егорова, Милана Парфилова да өнерлі гимнасшы екендерін дәлелдей білді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=zA9r4FxgLQ4[/youtube]