Оңтүстікқазақстандықтардың саны 2 млн. 700 мың адам. Туу көрсеткіші бойынша өңіріміз көштің басын басқа аймақтарға бере қойған жоқ. Тұрмыс деңгейі де 2 жарым пайызға өсті деп жариялады статистика департаменті бүгінгі өткен ашық есік күнінде. Сондай-ақ, облыс халқының орташа айлық жалақы көрсеткіші де өсіп, 77 923 теңгені құрапты. Бұл жоғары көрсеткіштердің қатарын бағалар толықтырады. Өйткені азық-түлік тауарларының бағасы аздап көтерілген.
Айдар Әбілдабеков, ОҚО статистика басқармасының басшысы: «Тұтыну бағаларының индексі өткен жылмен салыстырғанда 99,9 пайызды құрады. Жаңа піскен көкөністер 12,5 , картоп 9,3 пайызға қымбаттады. Салқын сусындар 2,9 пайызға, күнбағыс майына 2,8, шайға 2,8, сүт өнімдеріне және балаларға арналған тағамдарға 2,3 пайызға көтерілді».
Сондай-ақ, жиырма сегіз мың респонденттің пайымдауынша, ет, нн, қанттың бағасы соңғы үш айда тұрақты көрінеді. Алайда бұл көрсеткішпен ашық есік күніне арнайы келген азаматтар келіспейді. Өйткені базар мен сауда орындарда баға тұрақты емес дейді. Алайда статист мамандар 27 сауда нүктелеріндегі бағаның тұрақтылығын алға тартты. Сондай-ақ, коммуналдық қызметтің де өткен жылмен салыстарғанда пайыздық өсімдері барын бақылаған.