Түркістан облысында жұмыссыздық деңгейі төмендеп келеді

1222
Фото Forbes.kz

Түркістан облысында биылғы жылдың  IІ тоқсанында «Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу» сауалнамасы жүргізілген болатын. Алынған мәліметтер бойынша, 15 жас және одан жоғарғы жастағы жұмыс күшінің саны 823 мың адамға жетті. Бұл туралы облыстық статистика басқармасы мәлімет ұсынып отыр.

Облыс экономикасында 779,8 мың адам жұмыспен қамтылды. Жұмыс күшінің жұмыспен қамтылу деңгейі 94,8%-ға жеткен. Жұмыспен қамтылған халықтың арасындағы жалдамалы қызметкерлер саны 420,9 мың адамды, өз бетінше жұмыспен қамтылған қызметкерлер – 358,9 мың адамды құрады

Жұмыспен қамтылғандардың жалпы санында ерлер 427,6 мың адамды немесе жартысынан көбі, әйелдер – 352,2 мың адамды құрады. Жұмыссыздар саны 43,2 мың адамды құрап, жұмыссыздық деңгейі – 5,2% болды.

Шымкент қаласы бойынша 2018 жылы IІ тоқсанда жұмыс күшінің саны 413,3 мың адамға жетті. Қала экономикасында 391,7 мың адам жұмыспен қамтылды. Жұмыс істейтіндер құрылымында жалдамалы қызметкер-лердің үлесі   71,3% құрады, өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың  үлесі – 28,7% құрады. Жұмыссыздар саны 21,6 мың адамды құрап, жұмыссыздық деңгейі –  5,2% болды.