Тергеу қызметінің құрылғанына — 50 жыл!

1185
Бұл күні тергеушілер бір сәтке қылмысты істі тергеуден тыным алып, мерекеге жиналды

Бүгін — тергеушілер күні. Оған қоса Қазақстан республикасының ішкі істер министрлігінің құрамындағы тергеу қызметінің құрылғанына 50 жыл толып отыр. Осы атаулы күнге орай облыстық ішкі істер департаментінде мерекелік жиын өтті.

Тергеу қызметінің құрылғанына - 50 жыл!
Тергеу қызметінің құрылғанына — 50 жыл!

Департаменттің акт залына жиналған тәртіп сақшылары ең алдымен қызмет бабында опат болған әріптестерін еске алып, бір минуттық үнсіздік жариялады.

Бір минуттық үнсіз сәті
Бір минуттық үнсіз сәті

Содан кейін өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтуге келген полиция басшылығы еңбегі еленген тәртіп сақшыларына марапаттады. Оларға бағалы сыйлықтар, облыс әкімінің, депутаттардың мақтау қағаздары мен департамент басшылығының грамоталары тапсырылды.

Бұл күні тергеушілер бір сәтке қылмысты істі тергеуден тыным алып, мерекеге жиналды
Бұл күні тергеушілер бір сәтке қылмысты істі тергеуден тыным алып, мерекеге жиналды

Жалпы, тергеу қызметі бірден аяққа тұрып кеткен жоқ. Бірнеше рет құрылып, қайтадан таратылды да. Соңында, 1963 жылы КСРО министрлер кабинетінің жарлығымен тергеу қызметі толық жасақталады. Тәуелсіз алғалы бері жаңадан құрылған ішкі істер департаментінде қызмет жасап, кейіннен өзге құрылымдарға ауысқан тергеушілер де бар. Солардың бірі — Батырбек Отыншиев. Ол да бүгін өзінің әріптестерін бүкіл қаржы полициясы атынан құттықтауға келді.

Негізінен полиция қызметкерінің жұмысы қауіп-қатерге толы екенін белгілі. Ал соның ішінде тергеушілердің орны аса маңызды. Кейде ауыр қылмысты ашу үшін тәулік бойы көз ілмеуге, отбасынан жырақ кетуге тура келеді. Солардың бірі — Нүркен Қалмырзаев. Ішкі істер министрінің алғыс хатымен марапатталған полиция подполковнигінің тергеу саласында жүргеніне 17 жылдан асып кетіпті.

Облыстық ішкі істер департаментінің тергеу басқармасының бөлім бастығы - Нүркен Қалмырзаев.
Облыстық ішкі істер департаментінің тергеу басқармасының бөлім бастығы — Нүркен Қалмырзаев.

Облыстық ішкі істер департаментінің тергеу басқармасының бөлім бастығы — Нүркен Қалмырзаев: «Осы он жеті жылдың ішінде ауыр әрі күрделі талай қылмыстық істерді тергедік. Қаншама қарақшылар мен кісі өлтірушілермен бетпе-бет келгеніңді қалай ұмытарсың. Солардың ішінде әсіресе есімде қалғаны Сайрам аудандық ішкі істер басқармасында жұмыс істеп жүргенімде 17 қарақшылық шабуыл жасаған қылмыстық топтың ісін тергедім. Қатаң бақылауға алынған осы істі ашу үшін 4 тәулік бойы ұйықтамай жүргенім әлі есімнен шықпайды. Ақыр соңында 12 адамнан құрылған қылмыстық топтың барлық мүшелерін ұстап, қылмыстарын дәлелдедік. Қазір олар темір тордың арғы бетінде жазаларын өтеп жатыр».

Мерекелік шараның соңында бірқатар қызметкерлердің шені жоғарылап, жаңа жұлдыздарға ие болды. Олардың қатарында Сайрам ауданы мен Түркістан қалалық ішкі істер басқармаларының қызметкерлері де бар.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=7nCx7rPGCK8[/youtube]