Тергеу абақтысынан ауру қоздырғыштары табылды

409
Уақытша тергеу абақтысы

Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданындағы уақытша ұстау изоляторында ішек таяқшалары бактериялары табылды. Мұндай фактіні облыстың прокурорлары анықтаған.

Уақытша тергеу абақтысы
Уақытша тергеу абақтысы

Жоспарлы тексеру жүргізген санитарлық қадағалау және төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының мамандары өрт қауіпсіздігінің талаптары мен санитарлық жағдайдың дұрыс сақталмағанын әшкереледі. Қамаудағыларға тамақ беретін ыдыс-аяқтарда қауіпті ауру туғызатын бактериялар бар болып шыққан.

Ерлан Мұқатаев, облыс прокурорының аға көмекшісі
Ерлан Мұқатаев, облыс прокурорының аға көмекшісі

«Бұл фактілер бойынша прокурорлық ықпал ету актісі енгізіледі деп ойлаймын, – дейді Ерлан Мұқатаев, облыс прокурорының аға көмекшісі. – Тәртіп бұзышылық жақында ғана анықталды. Осыған орай жауапты лауазым иелеріне тиісті тәртіптік шара қолданылады. Сонымен бірге, келешекте заң бұзушылықты болдырмау үшін тиісті шаралар атқарылады деп ойлаймын. Ал уақытша ұстау абақтысының басшылары заңда көзделген әкімшілік жауапкершілікке тартылады.»

Қазір осындай қауіпті бактериалардың табылуына байланысты облыстың барлық аудандарындағы уақытша тергеу абақтыларында санитар мамандар мен прокуратура өкілдері тексеру жүргізуде. Еске сала кетсек, бұған дейін Төлеби және Сайрам аудандарындағы тергеу изоляторлары жабылған болатын. Өйткені жертөледе орналасқан абақтылар халықаралық талапқа сәйкес емес болып шыққан.