Хамзадағы ағайын көшеге шыға алмай қалды

282
көшенің суынан үйіне кіріп-шығу мұңға айналған
көшенің суынан үйіне кіріп-шығу мұңға айналған
көшенің суынан үйіне кіріп-шығу мұңға айналған

Екі күн тоқтаусыз жауған жаңбырдың салдарынан Кожедов көшесін су басты. Салдарынан оқушылар мектепке бара алмай отыр. Шалшық судан аяқ алып жүру мүмкін емес мұнда.

Кажедов көшесін толассыз жауған жаңбырдың салдарынан су алған. Бұл көшенің кезекті рет тұрғындарды зар жылатуы. Дәл осылай 20 жылдан бері жалғасып келеді. Кәдуілгі аяқ киіммен жүру мүмкін емес мұнда. Көше тұрғындарын резеңке бәтеңке құтқарып келеді. Белщеден келетін сазды кешіп өтуге еттері де үйренген.

Ядгор Кожамкулов, Кажедов көшесінің тұрғыны: «Біздің жағдайымызда ешкімнің жұмысы жоқ. Өзіміз топырақ төседік, сонда да нәтиже жоқ. Жедел-жәрдемде келе алмайды мұнда».

Балалар мектепке бара алмай отыр
Балалар мектепке бара алмай отыр

Атақты ұшқыш Кажедов көшесінде жүзден аса отбасы тұрады. Жаңбыр жауса, сайдағы су көтеріліп, аулағы кіріде дейді Кристина Сабирьянова. Екі күннің бірінде суға кеткен көршілерін құтқарумен күн кешуде.

Кристина Сабирьянова, Кажедов көшесінің тұрғыны: » Егер көлік өтсе, су ауламыздан өтіп, үйге дейін кіреді. Барлық көршілер болып қолдан келгенді жасайды. Бірақ судың көлемі көп. Қысы-жазы көрген кұніміз осы».

Жергілікті тұрғындар бір емес бірнеше рет аудандық әкімдікке шағымданып барғанын алға тартады. Алайда, құр уәдемен күн кешіп келеді. Қырқына шыдаған халыққа тағы біріне шыдауға тура келеді. Өйткені биліктегілердің айтуынша, бұл жолды жөндеу жұмыстары жаз мезгілінде жүргізіледі екен.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=JQwaThW4u2k[/youtube]