Жүзге бөлінген көліктер жүйткіп жүр

Көлік нөмірлерін қала билігі шаһардағы базарлардан сатып алыпты. Бір қызығы, "Ұлы жүз" деп жазылған тақтайшаларды таба алмадық дейді. Сатылып кетсе керек.,

Шымкент жүргізушілері құтырды. Жолда жүйткігені былай тұрсын, енді көлік нөмірлеріне руларын да жазып қоюды шығарды. Қала билігі бұған қарсы. Руға бөлетін тақтайшалардың көбейіп бара жатқаны шымкенттің бас идеологын да қатты алаңдатса керек. Баһадүр Нарымбетов бүгін арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп трайбализмнен аулақ жүруге шақырды.

Көлік нөмірлерін қала билігі шаһардағы базарлардан сатып алыпты. Бір қызығы, "Ұлы жүз" деп жазылған тақтайшаларды таба алмадық дейді. Сатылып кетсе керек.,
Көлік нөмірлерін қала билігі шаһардағы базарлардан сатып алыпты. Бір қызығы, «Ұлы жүз» деп жазылған тақтайшаларды таба алмадық дейді. Сатылып кетсе керек.

«Ұлы жүз», «Орта жүз», «Кіші жүз». Осындай руға, не атаға бөлетін жазуы бар тақтайшаларды, есіңіз болса тақпаңыз. Бұл онсыз да тарыдай шашылған қазақтың басын одан әрі ыдыратып жіберуі мүмкін. Баспасөз жиынын өткізген Баһадүр Нарымбетов осылай деді.

Баһадүр Нарымбетов, қала әкімінің орынбасары: «Мынау кіші жүз. Мынау орта жүз. Мына жерде біздің мемлекеттік тудағы рәмізді мазақ етіп келтіріп қойған. Сонда мемлекеттілікті, өзіміздің Қазақстанды мойындамайды деген сөз. Демек бұл сыртқы жау ма, ішкі жау ма, білмейміз. Бұған бірақ тойтарыс беруіміз керекпіз».

Қиыны сол, нөмір тақтайшаларындағы мұндай жазбаларға МАИ қызметкерлері тиіттей де әсер ете алмайды екен. Өйткені, заңда бұл көрсетілмеген.

Бұл дегені билік енді тек мұндай тақтайшалардан бас тартуды насихаттаумен шектеледі. Ал Көлік бөлшектерін сататын базар қожайындары мұндай жазуы бар тақтайшалардың сатылып жатқанын енді естідлік деп аң-таң бола қалды. Әйтпесе, мұндай бейбастыққа дер кезінде-ақ тосқауыл қояды екен. Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін. Баспасөз жиынында айтылған түйін осы болды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=MNuYn0zZhBc[/youtube]