Алаяқтар көлік иесін алдап кетті

272

Шымкент қалалық ішкі істер басқармасына қарасты Абай полиция бөлімінің мамандары алаяқтық әрекетті тексеріп жатыр. Бұл қылмыстық әрекетте бір көлікке өзге машинаға тиесілі мемлекеттік нөмір берілген.

Бұл факті автокөлікті қайта тіркеуден өткізу кезінде анық болған. Ішкі істер департаментінің тіркеу-емтихан тапсыру бөліміне шымкенттік көлік иесі арызданып келеді. Айтуынша, Ресейден алып келген көлігін жергілікті жерде тіркеуге қоймақ болады. Осы әрекетке көмектесемін деген екі азамат алдап кетіпті.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=R8r3cDRM4GY[/youtube]

Көлік иесі тіркеу-емтихан тапсыру бөліміне келгенде алдынан екі делдал шығыпты. «Ақшаң болса, болғаны» деген олар көлік иесінен 180 мың теңге алып, нөмір шығарып берген. Ал көлік иесі темір тұлпарын өзге біреуге сатпақ болып, тексеру кезінде сол нөмірдің жалған екені анықталды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=3qYRkak1nhk[/youtube]

Қазіргі таңда алаяқтық әрекетке қатысты қылмысты іс қозғалды. Тергеу-тексеру амалдары жалғасуда.