12 сәуір — ғылым қызметкерлерінің күні. Бүгінгі таңда Қазақстанда 412 ғылыми ұйым жұмыс жасаса, онда 18 мыңнан аса ғылыми қызметкер жұмыс істейді. Зерттеушілердің төл мерекесіне орай Қазақстан инженерлі- пегагогикалық Халықтар достығы универтитетінде студенттердің қатысуымен конференция өтті.
Жандос Маханбетов екі жылдан бері ұлттық тағам құрттың жасалу технологиясын ғылыми тұрғыда енгізуді зерттеумен айналысып келеді. Студент биолог мамандығы бойынша үшінші курста білім алады. Ол үшін арнайы «Қазақтану» этно — педагогикалық ғылыми зерттеу орталығымен бірігіп жұмыс жасауда. Оқу орнында өткен ғылыми теориялық конференцияда сол жетістіктерін баяндаған жас ізденуші алдағы уақытты өнімді патенттеу ісіне кіріспек. Бұл біздің ұлттық тағамдардың брендін көтеруде оң іс болатынынына сенімді.
21 жылдық тарихы бар Қазақстан инженерлі -педагогикалық Халықтар Достығы университетінде ғылыми-теориялық конференция 19-рет өтуде. Шара барысында Мордова университетінің студенттері де қатысып, жас ізденушілердің 150-ден аса мақалалары жарияланған. Ал аға буын өкілдері жас ғалымдардың ғылым саласына бет бұруын ерекше атап өтті.
Өзге студенттердің ғылыми жұмыстары көрмеге қойылып, келген қонақтардың назарына ұсынылды. Жаратылыстану, құқық, экономика салаларымен қатар, ұлттық өнер мен тағамдарды зерттеуге ерекше ден қойған студенттердің еңбектері көңіл қуантады. Бұл да оқу орнының болашақ мамандардың жан жақты, кәсіби білікті болып қалыптасуында атқарып жатқан жұмыстарының бір көрінісі болмақ.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=rQKmo_lBHJs[/youtube]