Немересі нағашыларын қырып салды

303
ОҚО ІІД

 

ОҚО ІІД
ОҚО ІІД

Қазығұрт ауданында адам айтса нанғысыз оқиға болды. 25 жастағы жігіт өзінің әжесі және екі апасын пышақтап өлтіріп тастады. Бұл туралы бүгін ІІД-іде өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Полицейлердің сөзінше, немере әжесінен кек алмақ болып осындай әрекетке барған.  

Әжесі мен өзінің апаларын пышақтап өлтірген жігіттің айтуынша, әжесінің әрекетіне қатты ызалы болыпты. Атасы көзі тірі кезінде оған көлік әпеерем деп уәде етсе керек. Бірақ 68 жастағы әже ақшаны беруден бас тартқан. Сосын бір түнде келіп үйдегі үш адамды қырып салған.

Оқиға былай өрбіген: Ол әжесін басынан ұрып естен тандырған екен. Ал бір қыздың денесіне 50 рет пышақ сұққан. Екіншсін де пышақтап тастаған.

Бүтіндей бір отбасының ажал құшқаны туралы полицейлерге көршілері хабарлапты. Немере жігіттің қолын қанмен былғағанын анықтау да қиынға соқпаған. Біріншіден жаназа кезінде оның қайғырмағаны, сосын үйге бөтен адамның келмегені күдік туғызса керек.

Ұсталған жігіт қылмысын толықтай мойындап отыр. Үш адамды аяусыз өлтірдім деп міз бақпайды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Полицейлер ол бұл қылмысты жалғыз жасамаған болуы мүмкін деп отыр. Ал күдікті 10 жылдан астам уақытқа түрмеге қамалуы мүмкін.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=hgLNcm2cLVA[/youtube]